2025 жылға арналған журналистер байқауына өтініш
Қостанай облысы журналистері конкурсын
өткізу туралы ереже
1.Жалпы ережелер
Облыстық конкурс Республика күніне орай өткізіледі және оған облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) журналистері мен республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері қатысады.
Конкурстың ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ.
1.1. Конкурстың мақсаттары:
-Елдің, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тәуелсіз мемлекеттің саяси құрылысындағы жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы редакция ұжымдарының шығармашылық және кәсіби жұмысын жандандыру;
-БАҚ пен интернет кеңістігі қызметкерлерінің кәсібилігін көтеру, шығармашылық көзқарасы мен шеберлігінің өсуіне ынталандыру;
-Периодтық басылымдар мен әлеуметтік желілерде басым бағыттар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызды тақырыптарды жария ету арқылы журналистердің шығармашылық және азаматтық белсенділігін арттыру.
1.2. Өткізу мерзімі, тәртібі және шарттары
Конкурсқа қатысу үшін республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері дайындаған материалдар қабылданады.
Конкурс ережесі Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының ресми сайтында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілердегі (ВКонтакте, Facebook, Instagram) ресми парақшаларда жарияланады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 90, 1-қабат, ғимараттың сол жақ қанаты.
Байланыс телефоны: 54-03-01.
Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі:
а) материалдарды жинау – 2025 жылғы 29 мамырдан 25 қыркүйекке дейін;
ә) конкурстық комиссияның жұмысы – 2025 жылғы 10 қазан;
б) қорытынды шығару – 2025 жылғы 20 қазанға дейін.
Байқау жұмыстары түрлі жанрда болуы мүмкін – мақалалар, очерктер, репортажтар, теле-радиохабарлар. Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылуы тиіс және олар 2025 жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында жарияланған не эфирге шыққан болуы керек.
Газет және журнал материалдары электронды тасымалдағышта ұсынылады. Онда теле-радиоарна, басылымның атауы, нөмірі мен жарияланған күні көрсетілуі тиіс.
Телевизиялық және радиохабарлар электронды тасымалдағышта тапсырылады. Материалда теле-радиоарнаның атауы, бағдарлама атауы және эфирге шыққан күні көрсетілуі қажет.
Интернет-басылым материалдары қағазға басылып ұсынылады, сайттың немесе ақпарат агенттігінің атауы, жарияланған белсенді сілтемесі көрсетілуі тиіс.
Пабликтердің материалдары да басып шығарылып, жарияланған күні мен профиль сілтемесі көрсетілуі қажет.
Фотожұмыстар А4 форматында басылып, мерзімді басылымның PDF-нұсқасымен бірге ұсынылады.
Операторлық жұмыстар бейнесюжет түрінде электронды тасымалдағышта тапсырылады. Онда телеарна, бағдарлама атауы және эфирге шыққан күні көрсетілуі қажет.
Байқауға қатысушылар (бұқаралық ақпарат құралдары немесе жеке журналистер) файлы эстетикалық түрде рәсімделген папкаға жинақталған құжаттар пакетін ұсынады. Оның ішінде міндетті түрде номинация көрсетілген өтінім болады, өтінімге телебағдарламалардан басқасы кемінде 5 материал, ал телебағдарламалардан кемінде 3 материал қосылады:
-мерзімді басылым материалдары — көлемі кемінде 400 сантиметр;
-теле және радио сюжеттер — ұзақтығы кемінде 1,5 минут;
-бағдарламалар — ұзақтығы кемінде 10 минут;
-интернет мақалалары — көлемі кемінде 1500 таңба;
-посттар — көлемі 3000 таңбадан аспайды.
Рәсімделуі талапқа сай келмеген конкурс жұмыстары қаралмайды.
Байқау қатысушылары бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.
Конкурс жұмыстары қайтарылмайды және рецензияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті конкурс жұмыстарының баспа және электронды өнімдерде жариялануына құқылы.
Конкурс жұмыстарының тілі — қазақ және орыс тілдері.
- БАҚ-та берілген тақырыптың жүйелі жариялануы;
-жарияланған тақырыптың жанрлық әртүрлілігі;
- материалдардың аналитикалық деңгейі және ақпараттың қанықтылығы;
- объективтілік пен сенімділік, жарияланымда қателіктердің және құзыретсіз қорытындылардың болмауы;
- тақырыптың толық ашылуы;
- авторлық стиль және тіл мәдениеті;
- тақырыпты түпнұсқалық өңдеуі;
- ұсынылған ақпараттың жаңалығы және өзектілігі;
- материалды түсінікті баяндауы;
- жарияланымның қоғамдық қызығушылық тудыруы;
- жазу, монтаж және материалды ұсыну сапасы;
- материалдың байқаудың тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы.
Республикалық БАҚ |
||||
1. |
«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» (баспа БАҚ, сайттар) Қостанай облысының жетістіктері туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы имидждік мақалалар сериясы үшін. |
|||
2. |
«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» (ТВ, Ютуб) Қостанай облысының жетістіктері туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы имидждік видеоматериалдар сериясы үшін. |
|||
Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ |
||||
3. |
«Еңбек адамы» – «Человек труда» (баспа БАҚ, сайттар) Жұмысшылар жылы аясында жүзеге асырылған БАҚ-тағы бөлім немесе жобаның болуы үшін. Бұл номинацияда еңбек адамы идеологиясын насихаттауға бағытталған жарияланымдар сериялары, еңбек династияларының, тәлімгерліктің, алғашқы жұмыс орнының жарияланымдары, сондай-ақ азаматтарды қайта даярлау жобалары және олардың жұмыспен қамтылуын бақылау қарастырылады. Арнайы назар отбасылық кәсіпкерліктің дамуы, еңбек мамандықтарын танымал ету, сондай-ақ еңбектің арқасында табысқа жеткен қарапайым азаматтардың оқиғаларына аударылады. Сонымен қатар, әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы тиімді үлгілерді ашатын, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында шешімін табуды қажет ететін мәселелер мен ұсыныстарды талдайтын жарияланымдар ескеріледі. |
|||
4. |
«Еңбек адамы» – «Человек труда» (ТВ, Ютуб, пабликтер) Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылған БАҚ жобасының болуы талап етіледі. Бағалау барысында еңбек династиялары, алғашқы жұмыс орны, тәлімгерлік тақырыптарына арналған видеоматериалдар, сондай-ақ еңбек мамандықтары саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, шешімдер ұсынатын материалдар ескеріледі. Негізгі назар еңбек құндылықтарын насихаттауға, жұмыс мамандықтарына құрмет көрсетуге және еңбек адамы туралы қоғамдағы оң қоғамдық қабылдауды қалыптастыруға бағытталған жарқын, мазмұнды әрі әлеуметтік маңызды видеожобаларға аударылады. |
|||
5. |
«Экономиканың қозғаушы күші» - «Драйвер экономики» (баспа БАҚ) Аймақтың экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне арналған жарияланымдар сериясы үшін. Бұл номинацияда қоғамдық-саяси белсенділікті, әлеуметтік-экономикалық бастамаларды көрсететін, сондай-ақ Қостанай облысының қалалары мен аудандарының күнделікті өмірін ашатын материалдар бағаланады. Арнайы назар талдау тереңдігіне, тақырыптардың өзектілігіне және жарияланымдардың ақпараттық қанықтылығына аударылады. |
|||
6. |
«Экономиканың қозғаушы күші» - «Драйвер экономики» (ТВ, Ютуб,пабликтер) Аймақтың дамуына және өзекті проблемалық мәселелерді ашуға арналған авторлық бағдарламалар үшін. Бағалау барысында аналитикалық және зерттеу форматтары қолданылған жобалар, соның ішінде «шешім зертханасы» жанры — мәселелерді талқылау, сарапшылар пікірлері және практикалық шешімдерді іздестіру қарастырылады. Арнайы назар мазмұндылығы, тақырыптардың тереңдігі және өңір тұрғындары үшін маңыздылығына аударылады. |
|||
7. |
«Ақпаратты меңгерген – әлемді меңгереді» - «Кто владеет инфомацией, тот владеет миром» (среди радио) Тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен жоғары руханилық принциптерін, сондай-ақ отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттауға бағытталған патриоттық тәрбиелік бағдарламалар сериясы үшін. Бағалау барысында тәуелсіздік, ұлтаралық және мәдениетаралық диалогтың әртүрлі формаларын қамтитын аудиосюжеттер және радиобағдарламалар қарастырылады. Арнайы назар мәдениет пен тілді сақтау, қоғамдық тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосатын тақырыптарға аударылады. |
|||
8. |
«Халық және билік» (баспа БАҚ, ТВ, интернет) Қазіргі қоғам дамуының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қостанай облысындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғаларды жариялайтын материалдар мен бағдарламалар циклі үшін. Бағалау барысында халықтың ақпараттануын арттыратын, қоғамдық диалогты дамытуға ықпал ететін және азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара әрекетті ашатын жарияланымдар мен бағдарламалар қарастырылады. |
|||
9. |
«Көзмерген» - «Мир в объективе» (баспа БАҚ, Интернет) Қоғам өмірін айқын әрі объективті бейнелейтін үздік фотоматериалдар үшін. Бағалау кезінде суреттердің сапасы, әсерлілігі және маңызды әлеуметтік-мәдени сәттерді жеткізу қабілеті ескеріледі. |
|||
10. |
«Көзмерген» - «Мир в объективе» (ТВ, Интернет) Қоғам өмірін шынайы көрсететін үздік бейнематериалдар үшін. Бағалау кезінде видеосапа, көркемдік әсерлілік және маңызды әлеуметтік-мәдени сәттерді көрсету қабілеті ескеріледі. |
|||
11. |
«Интернет иірімі» (сайттар) Интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды ақпараттық кеңістікке белсенді тартқаны үшін. Бағалау кезінде ақпараттың жедел берілуі, материалдардың объективтілігі, тұрақты жаңартылуы, арнайы жобалардың болуы, сондай-ақ контенттің сапасы мен ұсынылу формасы ескеріледі. |
|||
12. |
«Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес «Жемқорлық- қоғам кеселi» (Интернет,ТВ, баспа БАҚ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдар сериясы үшін, халыққа сыбайлас жемқорлық салдарының түсіндірілуі мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа және заңдылыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімсіздік насихатына және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған материалдар бағаланады. |
|||
13. |
«Отбасы – ұлттың тірегі» (баспа БАҚ, сайттар) Отбасылық құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, сондай-ақ қазіргі Қазақстандағы отбасының рөлін насихаттауға арналған материалдар топтамасы үшін. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, елдегі ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісін және жастар саясатын жариялауға, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған жарияланымдар үшін. |
|||
14. |
«Ауылым – алтын тұғырым» (аудандық БАҚ арасында) Қостанай облысында ауылдық аумақтарды дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жария етуге арналған материалдар топтамасы үшін. |
|||
15. |
«Сұлулық әлемді құтқарады» - «Красота спасет мир» (баспа БАҚ, сайттар) Мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларының дамуына, қоғам өміріндегі рөлін арттыруға арналған аналитикалық материалдар топтамасы үшін. |
|||
Байқау комиссиясы әр номинация бойынша үздік материалдарды іріктеп, жеңімпаздарды анықтайды. Қосымша номинациялар тағайындау және барлық номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтамау құқығын өзінде қалдырады. Байқауға жеке журналистер де, редакциялар да қатыса алады.
Байқау қорытындылары бойынша шешім конкурс комиссиясының мүшелері дауыстарының көпшілігімен қабылданып, хаттамамен рәсімделеді. Байқау комиссиясы конкурс жұмыстары бойынша қабылданған шешімдердің себептерін түсіндірмеу және негіздеме бермеу құқығын өзінде қалдырады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен 160 000 (жүз алпыс мың) теңге мөлшеріндегі ақшалай сертификаттар табысталады (көрсетілген сома салықтарды алып тастағаннан кейінгі мөлшерде көрсетілген).
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Республика күні қарсаңында Қостанай қаласында өтеді.