Қостанай облысының қалалары мен аудандары білім бөлімдерінің ережелері

 

 

 

2022 жылғы 4 мамыр                                                                         192

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың Ережелерін заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі

А. Мұхамбетов

 

 

Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына Түсіндірме жазба
Дата публикации
03 марта 2022