«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Әулиекөл ауданы әкімінің және жергілікті атқарушы органның (әрі қарай-әкімдік) қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Содержание спойлера
«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Әулиекөл ауданының әкімдігі болып табылады.
мемлекеттік тілде: «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Аулиекольского района».
2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары және негізгі міндеттері
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген құзыры шегінде аудан әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін қамтамасыз ету ;
2)тиісті аумақтың мүдделері мен тұтынуына сәйкес атқарушы өкіметтің жалпымемлекеттік саясатты жүргізуін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген басқалай міндеттер.
1) аудандағы ішкі саяси және экономикалық жағдайды зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық (селолық) округтің, поселкенің және ауылдың (селоның) жұмысын талдау, әкімге және аудан әкімдігінің мүшелеріне олардың сұрастырған мәселелері бойынша ақпарат әзірлеу;
2) аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету ;
3) аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету ;
4) аудан әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, сонымен бірге ауылдық (селолық) округтің құрамына енбейтін ауылдық (селолық) округтің ,поселкенің және ауылдың (селоның)орындау тәртібі жағдайына талдауды жүргізу;
5) әкімнің және аудан әкімдігінің мүшелерінің тапсырмасы бойынша сотта әкімнің және аудан әкімдігінің мүшелерінің мүдделерін ұсыну мен қорғау, прокурорлық назар аудару және басқалай бақылау-қадағалау органдарының актілерін қарау;
6) аудан әкімдігінің мәжілістерін, аудан әкімінің және оның орынбасарларының жанындағы жиналыстарды, семинарлар мен басқалай шараларды әзірлеу мен өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, жиналыстардың хаттамаларын және материалдарын ресімдеу мен жіберуді жүзеге асыру;
7) әкімнің және аудан әкімдігінің мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету,
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдардың , сонымен бірге облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауылдық (селолық) округтің құрамына енбейтін ауылдық (селолық) округтің, поселкенің және ауылдың (селоның) әкімдерінің орындауына бақылауды жүзеге асыру;
9) әкімнің және аудан әкімдігінің мүшелерінің кіріс құжаттарды уақытында қарауын ұйымдастыру, оларды бастапқы өндеуді жүзеге асыру, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және тарату.
10) әкімнің және аудан әкімдігінің іс жүргізуін, сонымен бірге құпия іс жүргізуді, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу;
11)жергілікті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалауды жүргізу;
12) жергілікті атқарушы органдардың көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетуінің мониторингін жүргізу;
13) әкімнің және аудан әкімдігінің мүшелерінің тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;
14) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының даярлығы және қайта даярлығын үйлестіреді;
15) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының аттетаттауын ұйымдастыру және өткізу;
16) «электронды әкімдік» жүйесін ақпараттандыру және дамыту деңгейін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу;
17) жергілікті атқарушы органдардың көрсететін электрондық қызметін дамыту бойынша шаралар қабылдау;
18)мемлекеттік наградалармен, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау;
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, әкімнің және аудан әкімдігінің мүшелерінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асыру;
21) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
22) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру даярлығын және шаралар өткізуді жүзеге асыру;
22) әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқалай функцияларды жүзеге асыру.
1) әкімнің және аудан әкімдігінің мүддесін ұсыну;
2) өз құзыреті шегінде әкімнің және аудан әкімдігінің құзырына енетін мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқалай материалдарды сұратып алуға;
3) өз құзыреті шегіндегі мәселелері бойынша аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына қажетті тапсырмалар беру;
4)тиісті аумақта басқарудың тиімділігін жетілдіру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет ету;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асырады;
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдардың , сондай-ақ аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін жеке жауапкершілікті мойынына алады;
3) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, аппараттың құрылымы және штаттық саны жөнінен ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімнің бекітуіне енгізеді;
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері бастықтарының және мамандарының міндеттері мен өкілеттерін бекітеді;
5) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;
7) «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) аудан әкімдігінің қаулыларының,аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;
9) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
10) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты бақылайды;
11) құзыреті шеңберінде құжаттамаларға қол қояды;
12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
13)қажетболған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды және басқа құжаттарды әзірдеу үшін жұмыс тобын құрады;
14)өз құзыреті шеңберінде «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді.
15) әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртібі
23. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларының нормаларына қарама-қайшы болмауы қажет.
5. Мемлекеттiк органның мүлкi
6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
| Мекен-жайы | Қазақстан Республикасы, 110400, Қостнай облысы, Әулиекөл а., 1 Мая к., 44. |
| Кеңсе | 8-71453-21-009 |
| Қабылдау жеке және заңды. тұлғалардың | 8-71453-21-000 |
| Сенім телефоны | 8-71453-22-151 |
| Әдеп жөніндегі уәкілі | 8-71453-21-003 |
| auliekol@kostanay.gov.kz |










Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған


