ХАБАРЛАНДЫРУ  

ХАБАРЛАНДЫРУ   

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурс 2025 жылдың   20.08.2025-28.08.2025 ж.,  мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде  өтеді.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен-жайы: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Баймағамбетов көшесі, 27 тел. 8 (71453) 21-7-98.

Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: халықпен мәдени-бұқаралық мерекелерді, ойын-сауық, танымдық, демалыс іс-шараларын өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

Білуі тиіс:   Конституцияны,   Бюджет кодексін;   Еңбек кодексін;    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс,  Әкімшілік іс  жүргізу туралы кодекс,    Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" ,    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы",    "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын,    ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.

           Лауазымдық міндеттері: Мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметін жалпы басшылығын жүзеге асырады; халықтың арасында мәдени-ағарту  және бос уақытты ұйымдастырудың  негізгі бағыттарының қызметін әзірлейді және оның орындалуын бақылайды; Мәдениет  үйінің  шығармашылық - өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің  жоспарларын  құрастырады; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары; шығармашылық, әдістемелік, мәдени – ағартушылықжұмыстарын іске асыруды ұйымдастырады; байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы байқауларын, көркемөнерпаздар үшін семинарларды, көрмелерді және шығармашылық қызметтің басқа да нысандарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; бұқаралық театрландырылған іс-шаралар мен спектакльдер өткізу, халықтың әртүрлі топтарының бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде демалыс және би кештерін, дискотекаларды, балалар кештерін, ойын және мәдени-ойын-сауық бағдарламаларын өткізу; көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; білікті мамандарды тартады. Жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.Мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді,шығармашылық және техникалық персоналмен еңбек шарттарын (келісім-шарттар) жасайды; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды,көтермелейді, өндірістік және еңбек тәртібінің талаптарын сақтауын бақылайды. Мүліктің  сақталуын қамтамасыз етеді. Өзіне ұсынылған өкілеттіктері шегінде  қызметінің қаржылық және материалдық мәселелерін шешеді, технологиялық, инженерлік жабдықтармен, материалдармен және оларды пайдалануына бақылау жүргізеді; мәдениет  үйлерінің ғимараттарын, үй-жайларын және жабдықтарын уақытында   күрделі және ағымдағы  жөндеуді ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелері бойынша  қабылдайды.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Анықтама телефоны: : 21-1-17,  эл.адрес auliekol_kultura@mail.kz

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі» ММ