Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 1191 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жоба) енгізілді.

Заң жобамен реттеу мәнін нақтылау және пайдаланылатын анықтамаларды кеңейту; ұлттық қауіпсіздік, қауіп-қатер, ұлттық мүдде мен оларды жіктеу түрлерін анықтау тәсілдерін қайта қарау;     ұлттық қауіпсіз-дікті қамтамасыз ету принциптерін қайта қарау (алдын алу шараларының басымдылығын, ахуалдың өрбуіне байланысты қауіпсіздік түрлері басымдылығының икемді өзгерістерін енгізу және субъектілердің қоғамдастықпен, халықаралық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауы); бөлінген салаларда негізгі ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді өзекті ету; ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің өкілеттіктерін нақтылау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен ұтымды жолдарын белгілеу мәселелері белгіленген.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені заң жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған, ол тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігіне ықпал етеді.

Осы заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды және қолданыстағы заң актілеріне түзетулер енгізуді талап етпейді.

Қазақстан Республикасы ҰҚК

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы
Дата публикации
08 октября 2019