«Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі
    № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары бекiту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары бекiтiлсiн.

  1. Басшыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары болып табылатын мәлiметтерге билiк ету жөнінде өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар 2005 жылға дейiнгі мерзiмде Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау әдiстемесiн әзірлесін және белгiленген тәртiппен бекітсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтірiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрілетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

Проект постановления Каз
Дата публикации
29 октября 2024