Еуразиялық экономикалық одақ және үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы Келісім жобасы бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Еуразиялық экономикалық одақ және үшінші тараптың  кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы Келісім жобасы бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Келісімнің жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері бірлесіп қабылдаған Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық бағытының жоспарына сәйкес әзірленді.

Халықаралық жол тасымалы Конвенциясына ұқсас одақтың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін құру кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану, кепілгерлік негізінде бірыңғай кепілдік тетіктерін құру, адал декларанттарға бас қамтамасыз ету көлемін азайту, навигациялық пломбаларды пайдалану бөлігінде жалпы жағдайлар жасауға, сондай-ақ Одаққа мүше болып табылмайтын Халықаралық интеграциялық бірлестіктер мен мемлекеттердің қосылу мүмкіндігіне мүмкіндік береді.

Келісімнің бұл жобасы халықаралық маңызы бар шарт болып табылатындықтан, оны әзірлеуге Одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдарының халықаралық құқық, экономика, көлік, кедендік және салықтық реттеу саласындағы, Одаққа мүше барлық мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес өкілдерінің қатысуымен сарапшылары қатысты.

Электрондық транзиттік декларацияны және қоса беріліп отырған құжаттарды пайдалана отырып, кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін қолдану транзиттік декларацияны беру және шығару уақытын қысқартады, өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан өтуді жеделдетеді, тауардың жолда болу уақытын қысқартады, ал навигациялық пломбаларды пайдалана отырып қадағалау тетігі тауарды межелі жерге жеткізуді қамтамасыз етеді және оның жеткізілмеу тәуекелдерін азайтады.

Бұдан басқа, тасымалдау кезінде тауарларды қадағалау жөніндегі жалпы процестерді іске асыру шеңберінде бақылаушы органдар, жүк жөнелтуші, жүк алушы көлік құралдарының жөнелтуші елден межелі елге өту барысын бақылай алады.

Келісім жобасы 2024 жылғы сәуірден 2-сі мен 16-сы аралығында қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15000435

Жоба ҚР ҚМ МКК ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/637598?lang=kk

Онлайн талқылау 2024 жылдың 17 сәуірінде өтеді.