Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (тараптардың) бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы КЕЛІСІМ жобасы

Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың

(үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы

КЕЛІСІМ жобасы

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа және 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді негізге ала отырып, сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін кеңейту мен арттырудың маңыздылығын мойындай отырып, халықаралық сауда рәсімдерін оңайлатуға, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы және үшінші тараптың кедендік шекаралары арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және трансшекаралық жеткізілімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ұмтыла отырып, тауарлар транзитінің еркіндігін дамытуды қалай отырып, мына төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

  1. Осы Келісім Одақтың кедендік аумағы және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру негіздерін айқындайды.
  2. Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі Одақ осындай үшінші тараппен (үшінші тарап) жасасатын және осы халықаралық шартқа қатысушылардың осы Келісімнің 2-бабына сәйкес Одақтың кедендік аумағы және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде оңайлатуларды қолдануын болжайтын халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар 2014 жылғы
    29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта,
    2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартта, Одақ құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттарда және актілерде айқындалған мәндерде қолданылады.

 

2-бап

 

Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі мыналарға:

электрондық құжат түріндегі бірыңғай транзиттік декларацияны қолдануға;

кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бірыңғай қамтамасыз етуді пайдалануға;

мүше мемлекеттердің және үшінші тараптың (үшінші тарап)  уәкілетті экономикалық операторларына ұсынылатын жекелеген арнайы оңайлатуларды қолдануға;

Одақтың кедендік аумағы және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасымалдау) тауарлардың бүкіл жүру жолында тауарлардың тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануға;

Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі және оларды кеден органына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдалану туралы халықаралық шарттың ережелерін ескере отырып, кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тануға және кедендік бақылауды жүргізу нәтижелеріне негізделген жүйені білдіреді.

 

3-бап

 

Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшінші тараптың (үшінші тарап) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес айқындалған:

кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану тәртібі мен шарттарын, оның ішінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және өзге де жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру, авария кезінде қабылданатын шараларды қолдану, еңсерілмейтін күштің әрекеті, сондай-ақ тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру және көрсетілген кедендік рәсім әрекетін аяқтау кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін;

транзиттік декларация нысандарын, оны толтыру тәртібін және оның электрондық түріне қойылатын талаптарды;

кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолдану тәртібін;

кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес, оның ішінде навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды тасымалдауды бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезіндегі тасымалдаушының міндеттері бөлігіндегі талаптарды  қолдану мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

 

4-бап

 

Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі шеңберінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру және оның қолданылуын аяқтау кедендік аумақтардың әрқайсысында (Одақтың кедендік аумағында және әр үшінші тараптың кедендік аумағында) жүзеге асырылады.

 

5-бап

 

Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі Одақтың үшінші тараппен (үшінші тарап) халықаралық шартын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде жұмыс істейді.

 

6-бап

 

Үшінші тараптың (үшінші тарап) кедендік аумағында салынған навигациялық пломбалар қолданылған жағдайда бақылаушы органдар мен ұлттық операторлар навигациялық пломбаны белсендіру және сөндіру үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асырады және оларды Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін ескере отырып жасау тәртібі қолданылады.

 

7-бап

 

  1. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары Одақтың үшінші тараппен (үшінші тарап) Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кеден транзитінің бірыңғай жүйесі туралы халықаралық шарты шеңберінде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдары болып табылады.
  2. Одақтың үшінші тараппен (үшінші тарап) Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тарап) кеден транзитінің бірыңғай жүйесі туралы халықаралық шартын іске асыру мақсатында мүше мемлекеттер мен үшінші тараптың (үшінші тарап өзара іс-қимылын үйлестіруді Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асырады.

 

8-бап

 

Мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

9-бап

 

Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

 

10-бап

 

Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.

 

11-бап

 

Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы мүше мемлекеттердің, осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

 

20___ «___» ___________ бір түпнұсқада орыс тілінде ____________ қаласында жасалды.

Осы Келісімнің теңтүпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

 

 

Армения Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз
Республикасы үшін

Ресей
Федерациясы үшін

 

Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (тараптардың) бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы КЕЛІСІМ жобасы
Дата публикации
02 апреля 2024