Меню
Страницы

Жалпыға бірдей декларациялау

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру қажеттілігін еске салады.

2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсыну мерзімі аяқталды. Осы жылдан бастап аталған адамдар жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынатын болады. Есепті күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті, шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшаны және Республикадан тыс жерлердегі мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер көрсетілуге жатады.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны "салық төлеушінің кабинеті", e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы пошта арқылы жіберуге болады. Жеке тұлғалар үшін бірінші кезеңнің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі – 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде – 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК