Меню
Страницы

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйесінің артықшылығы

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйесінің артықшылығы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1-бабының 1-тармағының 72-1)тармақшасына сәйкес үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (әрі қарай ҮИЖ) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады.

Қазіргі уақытта ҮИЖ бірыңғай тізіліміне ҮИЖ 3 моделі енгізілді. ҮИЖ Бірыңғай тізілімімен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында танысуға болады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары:

салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі  94 086 АЕК (288,2 млн.тенге) құрайды, ал қосымша құн салағы бойынша - 134 184 АЕК  ( 411,0 млн.тенге).

Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

ҮИЖ пайдалану үшін не қажет?

Біріншісі-ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме бойынша кіру http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1 және ҮИЖ моделін таңдаңыз.

Екіншісі- ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланысу қажет.

Үшіншісі-салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ді Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу (иллюстрация).

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК