Меню
Страницы

Көлік салығы туралы

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

хабарлайды

Меншік құқығында көлік құралдары, Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған жеке тұлғалар көлік салығын төлеушілері болып саналады

Салықты қалай есептеуге болады?

- «Электрондық қызметтер» бөлімінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz.) орналастырылған «Калькулятор» қызметін өз бетінше пайдалану;

- E-SalykAzamat мобильді қосымшасында (PlayMarket AppStore арқылы жүктеу).

Төлем мерзімі– жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен (күнтізбелік жылдан) кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей.

Салық төлеуге арналған деректемелер– БСК коды - 104402, СТК коды - 911, айыппұл деректемелері: ТТК коды – 912.

Көлік салығын төлеушілері болып табылмайтын тұлғалар Салық кодексінің 490 бабында караластырылған.

Ол, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен мараптталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

 - Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi;

-«Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен марапатталған адамдар;

- «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

-мүгедектер.

        Көлік құралдары салығын есептеу үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады,2021 жылы-2917 тенге.

 

Шымкент қаласы бойынша

МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК