Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 20 мамырдағы №130 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының
2023 жылғы 2 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: біз білім беру сапасын арттыру және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қатысушылардың үлгеріміне және олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілікке даярлығына ықпал ететін барлық жағдайларды жасағымыз келеді. Сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз ету үшін біз бір топ ретінде қоғаммен бірге және қоғаммен серіктестікте жұмыс жасаймыз.
Пайымы: тәрбиелі және білімді балалар – ұлт болашағы.
2-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы
|
2.1. Елдің нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері «Қазақстан-2050» стратегиясы, жалпыұлттық басымдықтар |
|
|||
|
2030 жылға қарай Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады. |
PISA, TIMSS сияқты немесе соларға ұқсас мектептегі білім беру сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан рейтингтері өте жоғары 30 елдің қатарына кіреді. 2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады. Орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісін құру. Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, жас буынды сындарлы әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың асырап алынуын және отбасыға орналасуын көтермелеуі қажет. Практикалық дағдыларды оқыту және практикалық біліктілікті алу бойынша бағдарламаларды қоса отырып, орта білім берудің оқу жоспарларының және бағдарламаларының бағыты мен екпінін өзгерту. |
2030 жылға қарай орта, техникалық және кәсіптік білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады. Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру. |
|
|
|
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары |
|
|||
|
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды әлеуетті 100 % қамту есебінен орындардың нақты қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды дербес мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтеріне қол жеткізу, үйдегі тәрбиешілер институтының тәжірибесін қолдану ("әлеуметтік бала күтуші") қамтамасыз етіледі. Оқытудың инновациялық бағдарламалары мен ойын нысандарының болуы мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуінің міндетті шарты болады. Жаңа бағдарламалар баланың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезінде бастауыш біліммен бірдей тәсілдер мен ұғымдар (құндылықтар, дағдылар, білім беру салалары, меңгеру дәрежесі) пайдаланылатын болады. Білім беру мазмұнына барлық жас топтары мен сыныптарда мазмұнды біріктіру тәсілі ретінде «өтпелі тақырыптар» енгізіледі. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу сапасына мониторинг енгізілетін болады. Жұмыс істеу құқығы мектепке дейінгі қызметтердің сапасын жетілдіретін және жақсартатын мектепке дейінгі ұйымдарға беріледі. Сапаны арттыру, сондай-ақ толыққанды дамытушы және қауіпсіз орта құру, білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету, нормалар мен қағидаларды сақтау, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және штаттарды жасақтау үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кезең-кезеңімен лицензиялау енгізілетін болады. Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі 2025 жылдың соңында 80%-ды құрайды |
1,5 млн оқушы орны енгізіледі. Тірек ауылдар мен аудан орталықтарында шағын ауылдардың балаларын интернаттарда немесе патронат отбасыларда тұру үшін орындармен 100 % қамту қамтамасыз етіледі. Барлық мектеп ғимараттары санитарлық тораптармен, компьютерлермен (1:5 есебінен) жабдықталады, Интернетке қол жеткізу жылдамдығы 50 МГб/сек төмен емес және лимиттелмеген трафикпен қосылады. Барлық мектептерде қазақстандық өндіріс жабдықтарын қолдана отырып, оқу сымсыз желілері өрістетілетін болады. Бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасы жобасы іске қосылады. Мектептегі білім беру бағдарламаларына оқушылардың эмоционалды, физикалық және психикалық әл-ауқатының негізі болатын тұрақты даму, шығармашылық сана, салауатты психоэмоционалды даму компоненттері енгізіледі. Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін "өтпелі тақырыптардың" болуы маңызды болады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білім деңгейі және экологиялық құндылықтарды сіңіру артады. Оқушылар мен студенттерді экологиялық тәрбиелеу, олардың қоршаған ортаны қорғау туралы білім-білігі деңгейін көтеру және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Педагогтерге тапшылық жойылады, кәсіби құрамы жақсарады. Педагог атағына құқық ұлттық біліктілік тестілерінің нәтижелері бойынша берілетін болады, ал аттестаттау жүйесі оқушыны оқытудың нақты нәтижелеріне бағдарланады. Информатика мен физиканың ауыл мүғалімдеріне, сондай-ақ робототехника мен бағдарламалау бойынша аудандық конкурстардың, жарыстардың және турнирлердің жеңімпаздарын дайындаған педағогтерге ерекше назар аударылады, олар үшін жалақыға қосымша үстеме жүйелерден басқа, ынталандыру шаралары да әзірленетін болады. РІSА тестінің нәтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын бағалау нәтижелері 2025 жылы математика бойынша орташа балл 480, оқу бойынша орташа балл 450, жаратылыстану бойынша орташа балл 490 құрайды. Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі 2025 жылдың соңында 80%-ды құрайды |
ТжКБ жүйесі кепілдендірілген бірінші кәсіп дағдыларын алу, ішкі көшіп-қонушыларды қала экономикасына бейімдеу, сондай-ақ сектораралық ағындар кезінде жаңа талаптарға жұмыс күшін бейімдеу жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін кәсіби білім алуға тілек білдірушілердің барлығы толық қамтылатын болады. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілерде сұранысқа ие сапалы кәсіби және әлеуметтік дағдыларды ұсынуға бағытталатын болады. ТжКБ ұйымдарының тиімді басшыларын анықтауға және олардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған жоба іске қосылады. Жұмыс берушілердің қызметкерлерге қоятын талаптары көрсетілген кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылады. Берілген кәсіптік стандарттарды негізге ала отырып, ТжКБ жүйесінде, сол сияқты жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары қайта қаралып, әзірленіп және бейімделетін болады. «Жас маман» жобасы шеңберінде жарақтандырылған колледждер базасында кадрларды озық даярлау үшін құзырет орталықтары құрылады. «Студентке ақша» қағидаты бойынша колледждерге қабылдаудың жаңа форматы енгізіледі. Нәтижесінде колледждердің арасында ашықтық және бәсекеге қабілеттілік қамтамасыз етіледі. «Техникалық және кәсіптік білім беру сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, рейтингтегі орны. |
|
|
|
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
|
|||
|
Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту: 3 жастан 6 жасқа дейінгі, 2 жастан 6 жасқа дейінгі Меншік нысанына қарамастан тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың өлшемшарттарына сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі Ауыз судың базалық көздерімен, бөлек ең аз жабдықталған дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі |
PISA нәтижелері бойынша халықаралық зерттеулердегі қазақстандық оқушылар нәтижелерінің алшақтығын қысқарту: өңірлер арасында, қала/ауыл Балаларды қосымша білім берумен қамту Күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің үлесі Физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жаңғыртылған мектептер саны Бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі: сыртқы, ішкі Базалық ауызсу көздерімен, ең аз жабдықталған бөлек дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту Жобалық қуаты 300 орыннан жоғары авариялық мектептер үлесі Жобалық қуаты 300 орыннан жоғары орта білім беру ұйымдарында үш ауысымды оқыту мектептерінің үлесі Жалпы іске қосылатын мектептер санынан жайлы мектептердің талаптарына сәйкес келетін іске қосылатын мектептер үлесі PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау (математика, оқу, жаратылыстану бойынша орташа балл) PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейінен өткен оқушылардың үлесі Толық жинақты мектептердің жалпы санынан жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшкен мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі Жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (кемінде 20 мбит/с – бір мектепке, егер мектепте 400-ден астам оқушы болса – 20 оқушыға 1 мбит/с) Енгізілген оқушы орындарының саны Физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі Терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес балаларды кешенді қорғауды қамтамасыз еткен білім беру ұйымдарының үлесі Азаматтық және патриоттық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде білім алушылардың өзін-өзі басқаруы және дебаттық қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі Спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық мүкәммалдар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санынан педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі Жалпы білім беретін мектептерге тартылған жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің саны Аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының санынан мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен білім беру ұйымдарының үлесі |
Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері) Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құрылған құзыреттілік орталықтарының саны ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі Дуальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі Мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан өндірістен тартылған мамандардың үлесі |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық бағыттары |
|
|||
|
1-стратегиялық бағыт. 21 ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету |
2-стратегиялық бағыт. Экономика үшін бәсекеге қабілетті ТжКБ кадрларын даярлау |
|
||
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мақсаттары |
|
|||
|
1.1-мақсат Мектепке дейінгі жастағы балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейін арттыру |
1.2-мақсат Сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, мектеп жасындағы балалардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру |
2.1-мақсат Еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету |
|
|
|
Бюджеттік бағдарламалар |
||||
|
003 «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету» 007 «Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» |
004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» 008 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 010 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ға нысаналы салым» 012 «Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру» 013 «Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету» |
006 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» 009 «Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» |
||
|
2.2 Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар |
||||
|
001 «Оқу-ағарту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» |
||||
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар
|
№п/п |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
есепті кезеңде |
Ағымдағы жылдың жоспары (факт) |
жоспарлы кезеңде |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
1-стратегиялық бағыт. 21 ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету |
||||||||||||
|
|
Макроиндикаторлар: |
|||||||||||
|
1. |
РІSА тестінің нәтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын бағалау |
Бірінші вице-министр
|
ЭЫДҰ есебі |
балл |
- |
- |
PISA2022: математика - 430 балл, жаратылыстану - 402 балл, оқу - 392 балл |
- |
- |
PISA-2025: математика – 480 балл, жаратылыстану – 490 балл, оқу – 450 балл |
- |
|
|
2. |
Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі |
Бірінші вице-министр
|
Сауалнама нәтижесі |
% |
68,4 |
71,3 |
74,2 |
77,1 |
80 |
82,9 |
85,8 |
|
|
3. |
Педагог жалақысының экономика бойынша орташа айлық жалақыға арақатынасы |
вице-министр Е.С. Оспан
|
Ұлттық статистика бюросының деректері |
% |
96,2 |
101,7 |
103 |
103 |
102,9 |
102,9 |
102,9 |
|
|
1.1-мақсат. Мектепке дейінгі жастағы балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейін арттыру |
||||||||||||
|
|
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар: |
|||||||||||
|
4. |
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту |
Бірінші вице-министр
|
ОАМ-нің әкімшілік деректері |
% |
99 |
99,3 |
99,5 |
99,7 |
100 |
- |
- |
|
|
5. |
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің үлесі |
Бірінші вице-министр
|
ОАМ МДБД ресми деректері |
% |
20 |
22,6 |
33,3 |
66,6 |
100 |
33,3 |
66,6 |
|
|
6. |
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын арттыру |
Бірінші вице-министр
|
ОАМ БЖД ресми деректері |
% |
- |
- |
30 |
- |
- |
- |
- |
|
|
1.2-мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мектеп жасындағы балалардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру |
||||||||||||
|
|
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар: |
|||||||||||
|
7. |
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі нәтижелері бойынша орташа республикалық көрсеткішке жеткен оқушылардың үлесі |
Бірінші вице-министр
|
ОАМ БССҚК ресми деректері |
% |
- |
4 кл.-57,7%, 9 кл.-54,5% |
4 кл.-58%, 9 кл.-55% |
4 кл.-58,7%, 9 кл.-55,5% |
4 кл.-59,7%, 9 кл.-56,5% |
4 кл.-60,7%, 9 кл.-57,5% |
4 кл.-61,7%, 9 кл.-58,5% |
|
|
8. |
Жобалық қуаты 300 орыннан көп орта білім беру ұйымдарында үш ауысымды оқитын мектептердің үлесі |
Бірінші вице-министр
|
Ұлттық білім беру дерекқорының деректері |
% |
- |
- |
1,45 |
0,77 |
0,0 |
- |
- |
|
|
9. |
Зияткерлік мектептерінің қатысушы-оқушыларының жалпы санынан мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалары мен ғылыми жарыстары жүлдегерлерінің үлесі |
Бірінші вице-министр
|
«НЗМ» ДБҰ деректері |
% |
73,7 |
67,51 |
68,5 |
69 |
69,5 |
70 |
70,5 |
|
|
10. |
Педагогтердің жалпы санынан біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі |
Бірінші вице-министр
|
ОАМ ОБК ресми деректері |
% |
21 |
26,9 |
33,3 |
66,6 |
100 |
33,3 |
66,6 |
|
|
11. |
3-9 сынып балаларының жалпы санынан оңалтудан және сауықтырудан өткен балалардың үлесі |
вице-министр Е.С. Оспан |
«Балдәурен» РМҚК, «Бөбек» РМҚК, «Түзету педагогикасы орталығы РММ» деректері |
% |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0,9 |
0,95 |
|
|
12. |
Әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етілген білім беру ұйымдары кітапханаларының үлесі |
вице-министр Е.С. Оспан |
«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» ММ деректері |
% |
- |
8 |
16 |
24 |
32 |
40 |
48 |
|
|
2-стратегиялық бағыт. Экономика үшін бәсекеге қабілетті ТжКБ кадрларын даярлау |
||||||||||||
|
|
Макроиндикаторлар: |
|||||||||||
|
13. |
Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы |
вице-министр Е.С. Оспан |
ДЭФ ЖБИ есебі |
рейтингтегі орын |
- |
- |
82 |
79 |
75 |
72 |
68 |
|
|
14. |
Дуальды оқытумен қамтылған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі |
вице-министр Е.С. Оспан |
ОАМ әкімшілік деректері |
% |
20 |
23 |
25 |
28 |
35 |
38 |
39 |
|
|
2.1-мақсат. Еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету |
||||||||||||
|
|
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар: |
|||||||||||
|
15. |
WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандар өткізетін техникалық және технологиялық бейіндегі мемлекеттік колледждердің үлесі |
вице-министр Е.С. Оспан |
ОАМ әкімшілік деректері |
% |
20 |
40 |
60 |
80 |
100 |
- |
- |
|
|
16. |
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің үлесі |
вице-министр Е.С. Оспан |
ОАМ әкімшілік деректері |
% |
20 |
40 |
50 |
75 |
100 |
50 |
75 |
|
|
17. |
Колледж студенттері стипендиясының мөлшерін ұлғайту |
вице-министр Е.С. Оспан |
ОАМ ТжКБД ресми деректері |
% |
- |
- |
50 |
|
|
|
|
|
4-бөлім. Ресурстар
|
Ресурсы |
Өлшем бірлігі |
Есепті кезең |
Ағымдағы кезеңнің жоспары |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Қаржылық |
мың теңге |
1 341 831 356 |
1 513 902 454 |
728 606 735 |
1 234 129 506 |
1 268 683 829 |
1 268 683 829 |
1 268 683 829 |
|
оның ішінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыруға |
мың теңге |
69 855 437 |
108 517 991 |
104 495 935 |
107 410 505 |
110 123 335 |
0 |
0 |
|
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға |
мың теңге |
0 |
0 |
499 999 715 |
1 038 388 534 |
1 068 207 806 |
0 |
0 |
|
Адами |
адам |
524 |
330 |
330 |
330 |
330 |
330 |
330 |