Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жер қойнауын пайдалану
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
18 апреля 2020
Болашаққа қарай: ҚР ИИДМ жетекшілік ететін салаларда жаңа мамандықтар атласын әзірлеу барысы туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Вице-министр Динара Щеглованың және «BTS Education» компаниясының қатысуымен «Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласын» әзірлеу тақырыбында бейнеконференция өтті.

Іс-шара барысында жоба жетекшісі Саясат Нұрбек аталған әзірлеменің негізі болатын үш мамандық санаты туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Бұл экономиканың келесі басым 9 саласын қамтитын жойылып бара жатқан, өзгеретін және жаңа мамандықтар болып табылады: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс.

Сондай-ақ Атласты әзірлеу бойынша жұмыс барысы айтылды және тау-кен металлургия саласын зерттеу бойынша аралық нәтижелермен таныстырылды.

Конференция соңында Динара Щеглова атласты әзірлеу қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада қажетті мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылықты білдіретін қарапайым қолданбалы құрал болады деп атап өтті.

Өз тарапынан, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі салалар бойынша қауымдастықтардан, сараптамалық және кәсіби ұйымдардан бірлескен қызмет процесіне белсенді қатысуды және құрылыс, көлік-логистикалық, машина жасау салалары бойынша «Қазақстандағы жаңа кәсіптер атласы» салалық жобасын іске асыру бойынша қолдау көрсетуді сұрайды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
18 апреля 2020
Карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төлеу туралы 

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісім-шарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.  

Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.   

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.   

Әкімдік тұтынушылардан өтінімдерді қабылдау және олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы тиіс.   

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жер қойнауын пайдалану
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
14 апреля 2020
Салаларда оң серпін байқалады

Коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан еліміздің өнеркәсіп, көлік, құрылыс салаларында оң серпін байқалады

2020 жылғы 14 сәуірде биылғы 1-тоқсанының қорытындылары бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасап, Министрлік жетекшілік ететін салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Экономиканың өсуі бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу мақсатында Министрлік өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларында қажетті шаралар қабылдап жатқаны атап көрсетілді.

Бүкіл әлемде коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан барлық салаларда оң серпін байқалады.

2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 5%, өңдеуші өнеркәсіп 8,8% ұлғайды. Өңірлердің барлығында дерлік, атап айтқанда 15 өңірде өсім байқалуда. Тек екі өңірде көрсеткіш төмендеді: Қызылорда облысында 9,8% және Жамбыл облысында 2,1%.

Тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісі көлемі 8,1% ұлғайды. Негізінен құрамында алтын бар кен өндіру көлемі ұлғайды. Темір кенін өндіру 22,2% ұлғайды. «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» (ССКӨБ) АҚ (+7%), «Өркен» ЖШС (+10%), «Bapy Mining» ЖШС (+18%) кәсіпорындарында өндіріс көлемі өсті. «ССКӨБ» АҚ биыл сәуір айынан бастап Қытай өндірушілерімен өнімді жеткізу көлемін ұлғайту жөніндегі келісім-шарт міндеттемелері әрекет ете бастады. Енді жүк тиеу көлемі айына 700 мың тоннаға дейінгі темір рудасы шикізатын құрайды.

Көмір мен лигнит өндіру көлемі 100,2% құрады. Оң өсім «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да көмір өндіру көлемінің 17% өсуімен қамтамасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,8% құрады. Өсім қара (+1,5%) және түсті металлургия (+8,1%), машина жасау (+30,4%), жеңіл өнеркәсіп (+14,2%), фармацевтика өнеркәсібі (+32,2%), құрылыс материалдары өндірісі (+ 22,7%) салаларында байқалды.

Қара металлургияда өндіріс көлемі 101,5% құрады. Оң өсім «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болаттың 26%, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС арматура прокаты 45%, «Кастинг» ЖШС үздіксіз құйылған шаршы дайындамалары 8,7% өсуіне байланысты болды.

Елімізде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде коронавирустық инфекция пандемиясының таралуына, сондай-ақ металдар нарығы конъюнктурасының қалыптасқан ахуалына және экспорттық әлеуетті қайта бөлуге байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен ERG компаниялар тобы өндірісті тұрақтандыруды және өндірілетін өнімді үздіксіз сатуды қамтамасыз ету мақсатында баламалы өткізу нарықтарын қарастырып жатыр.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1% өсті. Өндіріс көлемі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да: тазартылған мыс 19%, мыс катанкасы 101%, құймадағы алтын 14%, түйіршіктелген күміс 29%; «Қазмырыш» ЖШС-да: металл мырыш 3%; «Кастинг» ЖШС-да: мыс сымы 92%, жез қорытпасы 46%; «Қазақстан Алюминий» АҚ-да: глинозем 1%; «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да тазартылған алтын 33%, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да бастапқы алюминий 2%, «Қостанай минералдары» АҚ–да хризотил 7%, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС –да катодтық мыс 17 % артты.

Машина жасау саласында өндіріс көлемі 30,4% өсті: атап айтқанда, автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 69,5% басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 20,7%, электр жабдықтары 17,8%, өзге де көлік құралдарын жасау 53,6%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және  орнату 6,2%, компьютерлер жасау 9,6% өсті.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32,2% өсті. Өсім «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС шығаратын өнім көлемінің 6 есеге артуымен байланысты болды. Бұдан басқа, «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 14,2% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 12,3%, былғары және оған жататын өнімдердің 18,9%, киім өндірісінің 14,7% ұлғаюына байланысты.  Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде саланың дамуы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелі шаралар қабылдануда.

Көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 98,7% құрады. Коронавирус пандемиясына байланысты ел аумағында жолаушылар автобус тасымалдары, жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды. Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға да әсер етеді, өйткені жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді. Бұл ретте, Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұлғайды.

Елімізде бұл кезеңде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7% құрады. 16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек  Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады.

Тұрғын үй құрылысы бойынша биылғы 1-тоқсанда 2, 642 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7% құрады (жоспар 14,1 млн. шаршы метр). Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 12 өңірде артты. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%). 5 өңірде қарқын төмендеді: Батыс Қазақстан (57,5%), Атырау (66,6%), Түркістан (76,5%) және Маңғыстау (94,7%) облыстарында және Шымкент (24,3%).

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша Министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда нақты көлем индексінің жоспарлы көрстекіштеріне қол жеткізіледі деп болжанып отыр.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
14 апреля 2020
Қазақстанда биылғы алғақы тоқсанда құрылыс бойынша өсім 111,7% құрады

2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7% құрады. 16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады.

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсан қорытындысында 2 млн. 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,4 құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7% құрады (жоспар 14,1 млн. шаршы метр).

Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 12 өңірде байқалады. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%).

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 5 өңірде төмендеді: Батыс Қазақстан (57,5%), Атырау (66,6%), Түркістан (76,5%) және Маңғыстау (94,7%) облыстарында және Шымкент (24,3%) қаласында.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша Министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда нақты көлем индексінің жоспарлы көрстекіштеріне қол жеткізіледі деп болжанып отыр.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
09 апреля 2020
Алматыда үлгілік құрылыс тарихы қалай басталды

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
07 апреля 2020
Қазақстанда биыл 15 млн. шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы елімізде 150 мың баспана немесе 15 млн. шаршы метр тұрғынжай салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

      Атап айтқанда ағымдағы жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 38 300 пәтер (2,2 млн.шаршы.м.) әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғынжай салынады және сатып алынады. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер салуға және сатып алуға 90 млрд.теңге қарастырылған. Осылайша 12 600 отбасын: 6000 көп балалы отбасын, 1000 жас маманды, әлеуметтік аз қамтылған санатта кезекте тұрған 5600 отбасын жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Несиеге берілетін баспана құрылысына 2017 жылдан бері 207 млрд. теңге жұмсалды. Аталған қаражатты әкімдіктер револьверлік негізде айналымға салып, одан жыл сайын 101 млрд. теңгеге тұрғынжай пайдалануға беріледі.

          Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дағдарыс жағдайында құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамту үшін ҚР Ұлттық банкі қосымша 180 млрд. теңге бөлді. Бұл қаражатты алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облигацияларды шығару 7 сәуірге жоспарланған. Барлығы 25700 отбасы несиеге берілетін баспанамен қамтамасыз етіледі.

         Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ағымдағы жылы көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға 2% жылдық мөлшерлемемен жеңілдікпен займ беруді жалғастырады. Ол мақсатқа 49 млрд. теңге қарастырылған. Осылайша 5 мың адам баспана жағдайын жақсартады.  Қосымша пилоттық жобаның шеңберінде 210 млрд. теңге бөлінді, бұл «5-10-20» шарттары бойынша 16 мың несие беруге мүмкіндік береді.

          Сондай-ақ,  бірінші вице-министр құрылыс индустриясы туралы айтты. «Бүгінгі таңда құрылыс өнімдерінің негізгі материалдарына нарықтың сұранысы 669 млрд. теңгені құрайды. 330 млрд. теңгеге өнім өзімізде өндірілсе, 339 млрд. теңгенің өнімі импортталады. Импортты алмастыру жұмыстары аясында 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Осы кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін, импорт үлесі 54%-ға дейін төмендейді және тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрылыс индустриясының өнімдерін қолдану 95%-ға дейін артады», - деді Қ. Өскенбаев.
            Сонымен қатар, 32 млрд. теңгеге Қызылорда облысында әйнек зауытының құрылысы жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында 13 млрд. теңгеге полиэтилен құбырлар өндірісі іске қосылады («Kerim plastik pipes» ЖШС). Керамика өндірісі 26 млрд. теңгеге («Зерде керамика Ақтөбе» ЖШС) және арматура өндірісі 40 млрд. теңгеге («Тараз арматура зауыты» ЖШС) артады.

            Ірі құрылыс компанияларымен және "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ бірлесіп, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында отқа төзімді кірпіш, жабын материалдары, санфаянс және лак-бояу бұйымдары өндірісі сияқты импортты толықтай алмастыратын жобаларды іске қосу жайын пысықтауда.

       Жалпы алғанда, бүгінгі таңда құрылыс және аралас салаларда (құрылыс индустриясы, логистика, сауда, қызметтер) 642 мың қазақстандық еңбек етеді. Қосымша бөлінетін қаражат аясында баспана құрылысындағы қанатқақты жобаларда 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Импортты алмастыратын 33 кәсіпорында 8 мыңға тарта адам жұмыс істейді.
            Баяндамасының соңында Қ. Өскенбаев дағдарыс жағдайында қолға алынып жатқан шаралар құрылыс саласының өсімін қамтамасыз етіп, жұмыс орындары санын арттыратынын атап көрсетті.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
06 апреля 2020
Су ресурстарын тиімді басқару: Қазақстанда ағынды суларды тазалау сапасын қалай арттыруға болады?

Адамның тіршілік әрекеті  нәтижесінде ағынды сулар көлемі жыл сайын артып келеді. Оларды тазарту мәселесі бірнеше онжылдықта пайдаланылатын кәріздік тазарту қондырғылар (КТҚ) арқылы шешіледі. Қазір олардың тозу деңгейі 60%-дан асып, экологияға теріс әсер етуде.

Ағынды суларды тазарту сапасының төмендігі судың экожүйесінің тозып, ластанған тұщы су көздері арқылы ауру таралуы сияқты күрделі проблемаларға әкеледі. Және мұндай мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. БҰҰ деректеріне қарағанда, өндірілетін ағынды сулар көлемі және олардың ластануы бүкіл әлемде үздіксіз артып келеді.

Қазақстанда өткен ғасырдың 50-жылдарында ірі қалаларда механикалық тазарту қондырғылары салынып, пайдалануға берілді. Оған дейін қалалық сарқынды сулар тазартылмаған сүзу алаңдарына немесе су объектілеріне жіберіліп келді.

Қазіргі уақыттаи ең алдымен су объектілері режимін ескере отырып, ағындарды тазартуды нормалау жүйесін оңтайландыру қажет. Осы мақсатта ағындарды тазарту сапасын нормалаудың ұлттық стандартын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі қолданыстағы нормалар кеңес заманында қабылданан. Ол Еуропадағы мөлшерден 6-8 есеге артық.  Сондай-ақ, КТҚ объектілерін жобалау кезінде олардың оңтайлы қуатын дұрыс анықтау маңызды.  Бұл үшін бірінші кезекте елді мекеннің су тұтыну мен су бұрудың ағымдағы және перспективалық теңгеріміне сапалы талдау жүргізу талап етіледі.

Қазір осы мәселені шешу үшін «ТКШ ҚазОрталығы" АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік кепілдікпен халықаралық қаржы ұйымдарынан ұзақ мерзімді несие тарту арқылы КТҚ салу және қайта жаңарту бағдарламасы әзірленді.

Несиені салынған және қайта жаңартылған КТҚ объектілерінің болашақтағы ақшалай түсімдері, қызметтің өзге түрлерінен түсетін кірістер, салық жүктемесін төмендету арқылы үнемдеу есебінен өтеу көзделеді. Оның артықшылығы - өңірлерде жобаларды іріктеу және іске асырудың басымдық өлшемдері, сондай-ақ қолданылатын материалдар, жабдықтар мен технологиялар бойынша техникалық саясатты әзірлеу тәсілдерінің бірыңғай жүйесінде.

Бағдарлама ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ХҚҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде мақұлданды.

Бүгінгі таңда бірінші кезең бойынша ТЭН әзірленді (11 жоба), оның ішінде 5 жоба бойынша «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды. Экономикалық сараптама жүргізілуде. 6 жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында шығады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкімен және Азия даму банкімен бірлесіп, конкурстық құжаттаманы әзірлеу және тендерлік рәсімдерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Күзде мердігерлерді анықтау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және КТҚ салуға кірісу жоспарда бар. Бұл ретте жабдықты жеткізуші үшін іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу, сервистік және оқыту орталықтарын ашу- міндетті шарт.

Ұсынылып отырған шаралар КТҚ жүйелік проблемаларын шешуге және Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2024 жылға қарай елімізде сарқынды суларды тазартумен 100% қамту жоспарлануда.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
06 апреля 2020
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді іске асыру жөнінде

2019 жылғы 26 желтоқсанда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы Заңды іске асыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді бекітті. Атап айтқанда:

2020 жылғы 30 наурызда «Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандары» бекітілді. Онда жиналысты өткізу және шешім қабылдау тәртіптері, жиналысқа қатысатын тіркеу және дауыс беру парағы нысандары қарастырылған.

2020 жылғы 30 наурыздағы «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесі» бекітілді. Ол атқарушы органның шығындарды қалыптастыруына бірыңғай тәсілдер белгілеу және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері төлемінің (жарналарының) мөлшерін айқындау мақсатында әзірленді. Сол бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы шешім қабылданады.

2020 жылғы 20 наурыздағы «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ереже» тұрғын үй инспекциясының: мемлекеттік бақылау елді мекендер шекаралары шегінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тұрғын үй қорын басқару саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау; қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегінде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

2020 жылғы 30 наурызда «Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандары» бекітілді. Заңға сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушыға немесе басқарушы компанияға: сенімхат негізінде мүлік меншік иелерінің немесе жай серіктестіктің ағымдағы шотын басқару; пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ағымдағы шотқа ақшаны уақтылы енгізуіне мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес берешекті өндіріп алу функцияларын беру туралы шешім қабылдауға құқық береді.

2020 жылғы 3 сәуірдегі «Тұрғын үй-құрылыс кооперативі қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелері пай жарналарын төлеу қағидалары және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысы» ереженің негізгі мақсаты - тұрғын үй-құрылыс кооперативі қызметіне және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пайлық жарналарына ақы төлеуге байланысты қатынастарды реттеу.

2020 жылғы 27 наурыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары» тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында жасалатын тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жергілікті атқарушы органдардың тіркеу процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2020 жылғы 3 сәуірдегі «Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шарты» кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пәтер иелерінің, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бекітілді.

2020 жылғы 31 наурыздағы «Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары» тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын ақпараттандыру мақсатында бекітілді.

2020 жылғы 30 наурыздағы «Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандары» басқару функцияларын берген жағдайда көп пәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы немесе басқарушы компаниялармен, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша сервистік қызмет субъектілерімен 1 жылға ұзартусыз жасалатын шарттардың үлгі нысандарын көздейді.

2020 жылғы 30 наурыздағы «Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары» білімі, жұмыс тәжірибесі, білімі мен дағдылары, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаттың болуы туралы ақпарат бар.

Естеріңізге сала кетейік, Министрлік алдағы уақытта заңнамадағы жаңа тәсілдерді ашатын инфографика сериясын шығаруды аяқтайды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
05 апреля 2020
Биыл елімізде ауыл халқының 87% астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұл мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд.теңге бөлу көзделген.

Ол қаражат 316 жобаны іске асыруға жұмсалады.  Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалаларда 97,5% жетіп, 10,53 млн. адамды қамтиды. Ал ауылдық жерлерде 87,7% немесе 6,84 млн. адамға жеткізу жоспарланған. Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі 74,9% жетеді.

Осы орайда еске сала кетейік, 2019 жылы бұл бағытта 404 жоба іске асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды.

Қазіргі уақытта республика бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткішікі 92,6% құрайды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
05 апреля 2020
Тұрғын үй саласын басқару органдарының жұмыс орнынан міндетті түрде анықтама беруі туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізілді.

«Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңының 3-3-бабына сәйкес әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) жедел штабтар құрылады.

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі мемлекеттік орган - жергілікті атқарушы орган.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жедел штабтар құрады.

Төтенше жағдай кезінде жедел штабтар ерекше қажеттілік туындамаса қала бойынша адамдар мен көліктің жүріп-тұруына, қала тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын тоқтата тұруға шаралар мен уақытша шектеулер енгізді.

Тұрғын үй қорын және коммуналдық объектілерді басқару саласындағы басқару органдары қызметтерін жүзеге асыру қызметінің тиісті жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыс беруші міндетті түрде тиісті тұлғаға тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруы үшін жұмыс орнынан ұйым атауын, БСН/ЖСН, қызмет түрін, жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадрлар бөлімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен байланысын, тұрғылықты жерін көрсете отырып анықтама беруге міндетті. Карантин енгізілген жағдайдағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау міндетті.

Көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша апаттық-техникалық жағдайлар туындаған кезде көрсетілген қызметтердің жұмыскерлеріне жұмыс орнынан анықтамасы болса еңбегімен айналысуына рұқсат беріледі.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы