Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
20 ноября 2020
ҚР ИИДМ 2021 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспары бекітілді

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, әдетте, жоспарлы негізде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 13 қарашада Министрлікте, реттелетін салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған 42 заңға тәуелді актілерді әзірлеу көзделген 2021 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспары бекітілді.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
16 ноября 2020
«Smart сity»: ҚР ИИДМ ТҮКШ саласын қалай цифрландырып, жолақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізуде

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларында «Ақылды қала» цифрлық жобаларын іске асыруда.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі электронды жобалар

Министрлік отандық ІТ-компаниялар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында тұрғын үй қорының процестерін автоматтандыратын дайын ІТ шешімдерін масштабтау бойынша диалог құруда.

Пәтер иелері коперативтерімен, басқарушы компаниялармен қарым-қатынасты оңтайландыру үшін мобильді қосымшалар және басқа құралдар енгізілуде. Мысалы, Top ksk, E-ksk, BIG (BI clients), E- knot, Ақылды үй, Интегро: электронды ТКШ, Тұрғын үйлерді электронды паспорттау, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестігі сияқты жобалар қазірде қолданыста.

Осы құралдардың көмегімен тұрғындар басқарушы компаниямен байланысты әр түрлі мәселелерді шешуге, тұрғындармен кездесу өткізуге өтініш бергу, дауыс беру, апаттар мен тоқтаулар туралы хабарламалар алуға, басқарушы компанияның қызметі туралы есептер алуға және басқаларға қол жетізе алады.

Осыған ұқсас шешімдерді отандық IT-компаниялар еліміздің
16 аймағында (14 182 үй және 482 544 пәтер) жүзеге асырды.

Инженерлік желілерді цифрландыру

Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, аймақтық геоақпараттық жүйелерді (АГАЖ) пайдалана отырып, салынған аймақтардың инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру, сондай-ақ оларды қалакадастр базасына жіберу бойынша жұмыстар жүргізуде.

АГАЖ техникалық дайындығы бойынша үш көшбасшыға Ақтөбе (87,2%), Атырау (85%) және Алматы (83,6%) облыстары кірді.

Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында АГАЖ тестілік интеграция жүзеге асырылды. 15 аймақ мемлекеттік қала кадастр жүйесімен интеграциялануға техникалық жағынан дайын.

«Ақылды» жылу және су есептегіштерін орнату

Еліміздің 13 аймағында көпқабатты тұрғын үйлердің деректерді қашықтықтан жібере отырып жылу есептегіш құрылғылармен жабдықталу деңгейі 50%-дан асады.

Қазақстан Республикасының төрт аймағында «ақылды» су есептегіштерімен жабдықтау деңгейі 70%-дан асады (Шымкент - 100%, Алматы - 93%, Нұр-Сұлтан - 93%, Ақтөбе - 72%). Мұндай көрсеткіштерге басқа аймақтарда қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, қаржыландырудың жеңілдетілген шарттары енгізілді.

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі облыстық және республикалық маңызы бар тоғыз қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Қызылорда (ішінара), Тараз, Қарағанды ​​(пилоттық) және Шымкентте) енгізілді.

Жыл соңына дейін жүйені тағы бес қалада (Талдықорған, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Қостанай) іске қосу жоспарлануда.

Қоғамдық көліктің диспетчерлік қызметі

Жүйе Қазақстанның 12 аймағында енгізілген. Жоба Түркістан (50%) және Қызылорда (27%) қалаларында ішінара жүзеге асырылған. Қарағанды ​​мен Өскемен қалаларында іске асыру сатысында. Ақтөбе қаласында оператордың ауысуына байланысты жүйе уақытша тоқтап тұр.

Мобильді қосымшалар 12 аймақта қолданылады, бұл халыққа барлық қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
13 ноября 2020
Осы жылдың 10 айында 10,7 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,7% - ға артық . "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жылдық жоспар қазіргі уақытта 75,8% - ға орындалды.

Республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 34 535 жеке үй. Өсім 15 өңірде байқалады:

Шығыс Қазақстан (116,7%), Солтүстік Қазақстан (112,5%), Қарағанды (110,3%), Павлодар (109,6%), Қостанай (109,5%), Алматы (108,5%), Түркістан (107,9%), Жамбыл (107%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақмола (101,6%), Маңғыстау (100,9%), Ақтөбе (100,5%) облыстары мен Нұр-сұлтан (154,6%), Алматы (103,6%) және Шымкент (103,1%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі Республиканың 2 өңірінде байқалады: Атырау (88,4%) және Қызылорда (91%) облыстарында.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
12 ноября 2020
Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен Қазақстан халқы қысқы мерзімге көмірмен толық қамтамасыз етілген

ҚР өңірлері мен тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 8 млн тонна көмір тиелді. 2020 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша елдің коммуналдық-тұрмыстық секторының көмір қорымен қамтамасыз етілуі қысқы мерзімдегі жалпы қажеттіліктің 85,8% - ын, халықтың 83,9% - ын құрайды. Бұл өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңіне қарағанда көп.

Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері халықтың қажеттіліктерін де толығымен жауып тастады.

"Жергілікті атқарушы органдардың белсенді іс-қимылдарының, "ҚТЖ"ҰК" АҚ тасымалдарын уақтылы ұйымдастырудың, көмір өндіруші компаниялар мен жеткізушілердің үйлесімді жұмысының арқасында бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қоры елдің барлық өңірлерінде алдын ала жинақталған. Көмір тапшылығы болмайды", - деді ҚР ИИДМ қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 88 млн тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% - ға аз. Ағымдағы жылдың басынан бастап елдің ішкі нарығына жөнелтілді: ​

* энергия өндіруші кәсіпорындарға-47,3 млн тонна көмір,​

* өнеркәсіптік кәсіпорындарға-4,7 млн тонна көмір,
* коммуналдық - тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа-8 млн тонна көмір. Көмір экспорты шамамен 23,7 млн тоннаны құрады.

Анықтамалық:

Өңірлер бөлінісінде коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың қамтамасыз етілуі:

- Ақмола облысы (КТС – 61,2%, халқы – 80,9%);- Ақтөбе облысы (КТС – 100%, халқы – 66,6%);
- Алматы облысы (КТС – 100%, халқы – 89,8%);
- ШҚО (КТС – 100%, халқы – 99,8%);
- Жамбыл облысы (КТС – 100%, халқы-89%);
– БҚО (КТС – 103,6%, халқы-142,9%);
- Қарағанды облысы (КТС – 100%, халқы – 75%);
– Қостанай облысы (КТС – 100%, халқы-92,9%);
- Қызылорда облысы (КТС– 100%, халқы – 96%);
- Павлодар облысы (КТС – 100%, халқы-90,2%);
- СҚО (КТС – 82,7%, халқы – 81,1%);
- Түркістан облысы (КТС – 74%, халқы – 64%);
- Нұр-Сұлтан қаласы (халқы– 67,7%);
- Алматы қ. (КТС– 100%, халқы – 86,8%);
– Шымкент қ. (КТС – 100%, халқы-100%).

*- Батыс Қазақстан облысында өткен жылыту кезеңінен шамамен 1 мың тонна көмір  қалды және бұл жалпы көлемі 700 тоннаны құрайтын халықтың қажеттілігін толығымен жабады.

** - "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК қоймасының сыйымдылығы бар болғаны 56 000 текше метрді құрайтындықтан, көмірдің барлық көлемін қабылдау мүмкін емес. Осылайша, тұтыну үшін көмір апта сайын және қажет болған жағдайда жеткізіледі.

Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
10 ноября 2020
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінде Салалалық мәселелер жөніндегі кеңес отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Салалалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиын барасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, индустриялық даму және азаматтық авиация салаларының мәселері талқыланды.

Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын енгізілетін өзгерістер мақұлданды.

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына сәйкес 2015 жылдан бастап жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту 20 жылға 0,01% жеңілдікпен, 6 жылдық жеңілдікті кезеңмен кредит беру арқылы жүзеге асырылады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында жаңа технологияларды енгізу, аспаптармен жабдықтау және цифрландыру көзделгендіктен, Қағидаларға, аспаптармен жабдықтау туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсету және ескі желілерді реконструкциялау басымдығы бөлігінде түпкілікті қарыз алушыға кредит беру шарттары, несие шартының талаптарына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ұсыну бөлігі көзделеді.

Осымен қатар, инженерлік жүйелердің қызмет ету мерзімін ұзарту, Инвестициялар негіздемесіне сәйкес жобаны әзірлеу үшін жаңа технологияларды қолдану бөлігі, инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) рөлін күшейту бөлігі көрсетілгеді.

Сондай-ақ, Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бойынша өзгерістер мақұлданды.

Азаматтық авиация саласында Кеңеспен, Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы, Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары қаралды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
09 ноября 2020
Көп пәтерлі тұрғын үйден қалай ақша табуға болады?

Іс жүзінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің басшылары, басқарушы компаниялар және үйді басқаруға қатысатын басқа адамдар шектеулі пайдаланудың ортақ мүлкінің жекелеген бөліктерін жалға (пайдалануға) беру арқылы қосымша кірістер алатынын тұрғын емес үй-жайлардың және пәтерлердің иелері біле бермейді.

Жоғарыда көрсетілген жалдау арқылы алынған қаражат көп пәтерлі тұрғын үйдің қажеттіліктеріне, оның ішінде ағымдағы жөндеуге, жергілікті жерді абаттандыруға, инженерлік жабдықтарды орнатуға және басқаларға жаратылуы мүмкін.

*«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ меншігіне жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды қоспағанда кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, фойелер, залдар, дәліздер, баспалдақтар, лифттер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы құрылыс инженерлік жүйелері, пошта жәшіктері, көп пәтерлі үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) оған іргелес жер учаскесі, көріктендіру және басқа да ортақ мүлік) кіреді.

Әрине, егер объектілердің басқа адамдарға шектеулі пайдалануға берілуі көп пәтерлі үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе, ол бъектілерді беруге болмайды.

Мұндай объектілерге функционалдық ерекшеліктері мен тағайындалуына сәйкес пәтерішілік баспалдақтар, баспалдақтар, лифтілер, лифт және басқа шахталар, дәліздер, көтергіш емес және қоршайтын құрылымдар, механикалық, электрлік, санитарлық және басқа жабдықтар, кірме жолдардың барлық учаскелері, жаяу жүргіншілер жолдары және т.б. жатады.

Бүгінгі таңда көп пәтерлі тұрғын үйлердің көпшілігі табыс әкеле алады.

Сондықтан пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, сондай-ақ жаңадан құрылған мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ), қарапайым серіктестіктердің (ЖС) төрағалары, көп пәтерлі үйден табыс табуға болатындығын білуі маңызды.

Негізгі табыс көзі мыналар болуы мүмкін:

  1. Жарнама:

Үй-жайларының маңдайшалары мен лифттерінің қабырғаларын жарнамалық компанияларға немесе дүкендерге плакаттар, баннерлер, сыртқы жарықтандыруға арналған жарықтандыру технологияларын  (соның ішінде жарық диодты жолақтарды) орналастыруға жалға беруге болады.

  1. Жабдықтарды орнату:

Антенналарды орнату үшін шатыр бөлімдерін, техникалық едендерді провайдерлер мен ұялы байланыс операторларына жалға бере аласыз. Қабырғалардың немесе ішкі бөлмелердің бөлімдері арнайы жабдықтарды орналастыруға және байланыс кабельдерін төсеуге жарамды.

Сіз сондай-ақ ауыз суды тазартуға арналған жабдықты (үйдің қасбетінде немесе басқа үй-жайларда орнатылған сүзгіленген суды сатуға арналған құрылғылар) орнатудан табыс ала аласыз.

  1. Үй-жайларды жалға беру:

Үй-жайларының жертөлесін санитарлық-гигиеналық және басқа да талаптарды міндетті түрде сақтай отырып шаштараздарға, бөлшек сауда дүкендеріне және басқаларға жалға беруге болады.

  1. Жерді жалға беру:

Капиталды емес ғимараттарды (сауда павильоны және басқа сауда нүктелері) нысан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің және басқа да бақылау ұйымдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда орнатуға болады.

«Осылайша, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері лифтте, қасбетте немесе төбеге орнатылған билбордтарды, антенналарды немесе басқа да өзге жабдықтарды көрсе, көпқабатты үйі қосымша кіріс алатындығының бегісіне назар аударуы керек.

Алынған қосымша кірістер сіздің үйіңіздің қажеттіліктеріне, оның ішінде ағымдағы жөндеуге, жергілікті жерді абаттандыруға, инженерлік жабдықты орнатуға және басқаларына бағытталуы мүмкін, сонымен қатар пәтердің, тұрғын емес үй-жайлардың әр иесіне ұсынылатын ай сайынғы есепте көрсетілуі керек», - дейді, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серіков Нұрбек Нұржанұлы.

**Көп пәтерлі үйдің ортақ мүлкін иелену және оны заңды түрде жалға беру (пайдалану) үшін көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, кондоминиум объектісі ретінде тіркелуі қажет.

  Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иесіне мүліктік жалдауда (жалға) беру туралы мәселе жиналыста шешілуі керек.

Вопрос о передаче собственнику квартиры, нежилого помещения части общего имущества объекта кондоминиума в имущественный наем (аренду) необходимо принять решение на собрании.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
06 ноября 2020
«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ өз қызметін тоқтатты

Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.

Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті.

Осылайша, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін Холдинг өзінің «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» екі еншілес компаниясын үшінші – «Қазақстан ипотекалық компаниясына» біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.

Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:

1) әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;

2) үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;

3) жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;

4) әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;

5) инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;

6) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

7) уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;

8) қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.

Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
05 ноября 2020
Қазақстан ұсынған Құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін ТМД Үкіметаралық кеңесі мақұлдады

3 қарашада онлайн режимде өткен ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің (Үкіметаралық кеңес) XI отырысында қатысушылар құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін қабылдауды мақұлдады.

Үкіметаралық кеңес ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс және стандарттау жөніндегі ұлттық органдарына «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» мемлекетаралық стандартын (МЕМСТ) қарауды және енгізу үшін дауыс беруге қатысуды ұсынды.

Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін енгізу туралы ұсынысты алғаш рет 2019 жылы Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархаббат Жайымбетов айтқан болатын. Үкіметаралық кеңесте Құрылыста жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының оң тәжірибесі атап өтілді және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында 2018 жылдан бастап құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу проблемалары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Базалық ұйымы жанында ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі Комиссия (Комиссия) жұмыс істейді.

2020 жылғы 29 қазанда Комиссия отырысында «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» жобасын 8 мемлекеттен келген құрылыс саласындағы 30 жетекші сарапшы қарады. Өзара пікір алмасып, МЕМСТ-ты жоғары тұрған органдарға ұсыну және құжатты стандарттау жөніндегі бейінді алаңдарға орналастыру туралы шешім қабылданды.

Құжат Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералды орталығының (ФСО ФАМ) бастамасы бойынша Құрылыстағы цифрландыру және жобалау ғылыми-инженерлік орталығымен (РФ) әзірленді.

«Құрылыстағы бірыңғай жіктеу жүйесінің негізгі рөлі - ақпаратты компоненттерге, функционалды және техникалық жүйелерге бөлу, оларды бірегей сәйкестендіру және шатасуды азайту болып табылады. Бұдан басқа, мемлекетаралық стандарт халықаралық талаптарға сәйкес мазмұны ұлттық деңгейде айқындалуы мүмкін жіктеу кестелерінің номенклатурасын белгілейді»,- деп түсіндірді Ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның басшысы Александр Шахнович.

Құрылыстағы халықаралық стандарттарға негізделген жіктеу мен кодтаудың аталған жүйесі ТМД-ға қатысушы елдерге заңнаманы және әрбір елдің ұлттық талаптарын ескере отырып, ақпараттық модельдерде ақпаратты құрылымдау мәселелерінде бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді деп болжануда.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
05 ноября 2020
ТҮКШ операторы салалық қауымдастықтармен және жеке кәсіпкерлікпен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кооперативтері және басқа экономикалық нысандары қауымдастығы және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты сертификаттау орталығы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қабылданды. Тиісті құжатқа Мейержан Майкенов, Қазыбек Шайх және Аркадий Рубцов қолдарын қойды.

Меморандумның мақсаты тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, өзара түсіністік, сыйластық және сенімділік қағидаттары бойынша саланы жаңарту бойынша жетістіктер мен тәжірибені бірлесіп пайдалану.

Мемлекеттік сектор атынан ТҮКШ саласының операторы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастық үшін ашық және барлық мүдделі тараптарға, азаматтарға да, бизнес өкілдеріне де Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында үйлерді басқарудың жаңа формалары жайында, мүліктің меншік иелері бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) енгізу, сондай-ақ көптеген мәселелер бойынша жан-жақты көмек көрсетеді. Сонымен қатар  «ТҮКШ ҚазОрталығы» ҚР аймақтарында, мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржыландыру талап етпейтін, жергілікті халықпен жұмыс жасау мақсатында Жобалық кеңселер құру мәселелері бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
03 ноября 2020
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері туралы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру жайлылығын арттыру – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. 15 жыл ішінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2,6 есе өсті. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 5,6 есеге артты.

Тәуелсіздік жылдарында бірнеше Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Олар - 2005-2011 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту, «Қолжетімді баспана-2020», «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламалары. Осы кезеңде 114 мыңнан астам отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 63 мыңнан астам үлескердің тұрғын үй мәселелері шешілді.

2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама жұмыс істеген 3 жыл ішінде 36,8 млн. шаршы метр  немесе 330 мың тұрғын үй салынды. Қолжетімді тұрғын үй және жеңілдетілген несие беру арқылы мемлекеттік қолдау шараларымен 89 мыңға жуық отбасы қамтылды. «Нұрлы жер» бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 919 млрд.теңге мемлекеттік инвестиция бағытталды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн тенгеден астам жеке инвестициялар салынды.

Бүгінгі күні бір қазақстандыққа тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында ең жоғары көрсеткіш (РФ - 0,54 шаршы метр, Белоруссия - 0,40 шаршы метр, Өзбекстан - 0,36 шаршы метр) және экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады.

Бүгінде тұрғын үйге мұқтаж 530 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Көрсетілетін қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдан бастап кезекте тұрғандардың Бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығы мен кезекте тұрғандардың кірістері бойынша анық мәлімет береді. (Анықтама үшін: ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаж 534 683 азамат кезекте тұр).

Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте сатып алу құқынсыз жалдамалы тұрғын үймен көп балалы отбасылар қамтамасыз етіледі. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру кезеңінде 30 мың отбасына тұрғын үй беру жоспарлануда, оның ішінде биыл 4 835 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 15 млн.шаршы метр тұрғын үй салу бойынша міндеттеме қабылдады. Бұл 150 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді, оның ішінде 40 мыңға жуық отбасы мемлекеттік инвестициялар шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы