Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Министрлік ұжымына жаңа аппарат басшысын таныстырды.
Мұқаев Ерболат Рахметұлы Гурьев педагогикалық институтын "физика мұғалімі" мамандығы бойынша, БЛКЖО Орталық комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін "саясаттанушы" мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
35 жылдан астам еңбек өтілі бар. Комсомол, партия және ұйымдастырушылық жұмыстарында үлкен тәжірибе жинаған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты. "Құрмет", "Парасат"ордендерімен марапатталған.
Құрылыс секторын дамыту бойынша Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік институт 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды.
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (бұдан әрі – институт) құрылыс ғылымы, цифрландыру, сейсмикаға төзімді құрылыс, баға белгілеу, техникалық реттеу және құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясындағы қызмет нәтижелерін ұсынды. Институт 2020 жылы Даму жоспары бойынша барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізді», - Жаймбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
Цифрландыру
2020 жылы Қазақстанның құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі міндеттері орындалды, оның ішінде:
- Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану бойынша 12 нормативтік-техникалық құжат әзірленді;
- BIM қолдану бойынша 13 халықаралық ISO стандарты бейімделді;
- BIM-бағдарланған жіктеуіш әзірленіп, дамытылуда және портал іске қосылды (www.eskks.kazniisa.kz).
Ақпараттық модельдеу бойынша пилоттық жобалар іске асырылды.
Құрылыс саласының нормативтік құжаттарын цифрландыру басталды, 2020 жылы 36 норматив цифрландырылды.
Баға белгілеу
Өткен жылы ҚР құрылысындағы баға белгілеу жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғасын тапты.
Ресурстық әдіс енгізілген сәттен бастап 2015 жылы 233 технологиялық картаның негізінде 1100-ден астам жаңа сметалық нормалар, сондай-ақ 400-ден астам нормативтік құжаттар әзірленді, оның ішінде 2020 жылы 207 жаңа сметалық нормалар әзірленді.
Өткен жылы Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА тапсырысы бойынша (Қарабатан және Тенгиз учаскелері) іске қосу және жөндеу жұмыстарының құнын анықтау және негізгі технологиялық жабдықтар бойынша іске қосу және жөндеу жұмыстарына сметалық нормаларды әзірлеу бойынша қызмет көрсету жобасы аяқталды.
Сондай-ақ, 2020 жылы «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасының сметалық құжаттамасын талдау және бірегей технологиялық жабдықты монтаждауға арналған технологиялық карталар мен сметалық нормаларды әзірлеу бойынша кешенді техникалық қолдау қызметтері басталды.
Қазақстанда «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-нің жалпы цифрлық деректер қорының қалыптасуы жалғастырылып жатыр.
Облыс орталықтарының құрылыс салынған 37 мың га аумағын
2018 жылдан бастап түгендеу арқылы құрылыс объектілері, жерасты және жерүсті инженерлік коммуникациялар бойынша деректер қала құрылысы кадастрының бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне енгізілді.
2020 жылы қала құрылысы кадастры базасына жергілікті атқарушы органдардан берілген облыс орталықтарының бас жоспарларының 100%-ы және аудан орталықтарының 25%-ы, сондай-ақ елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының 27%-ы цифрландырылды және енгізілді.
Республикалық маңызы бар 2 қаланың (Нұр-Сұлтан, Алматы), облыстық маңызы бар 10 қаланың (Орал, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Түркістан, Өскемен, Рудный, Семей, Риддер), аудандық маңызы бар 5 қаланың (Серебрянск, Аягөз, Зайсан, Алтай, Шемонаиха), сондай-ақ Алматы, Атырау облыстарының барлық аудан орталықтарының деректер қоры цифрландырылды және қала құрылысы кадастрының бірыңғай құрылымына келтірілді.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК жылжымайтын мүліктің барлық объектілері, жерүсті және жерасты коммуникациялары туралы ақпаратты жинаудың, өңдеудің, тіркеудің, сақтаудың және ұсынудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда қала құрылысы кадастрының деректер базасында елдің құрылыс салынған аумағының цифрлық мәліметтерінің шамамен 48%-ы қамтылған. Жергілікті атқарушы органдардан деректердің қосымша 10% алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қала құрылысы кадастрының деректер базасының жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың, халық пен бизнестің өзекті және сенімді ақпаратқа қолжетімділігін, жобалау және құрылыс процесінің ашықтығын, бюджет қаражатын игерудің тиімділігін және бақылануын қамтамасыз етеді», - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін 172 елді мекеннің құрылыс салынған аумағын түгендеу жоспарлануда.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінге дейін Министрдің ресми блог-платформасына 206 сұраныс түсіп, ҚР ИИДМ құзыретіне кірмейтін 26-сы басқа блог платформаларға жіберілді. Осылайша 180 өтініш қабылданып, 141-не жауап берілді және 39 өтініш әлі қаралып жатыр.
Өткен 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардың 1 659 сұранысына жауап берілген еді.
Министр Бейбіт Атамқұловтың блог-платформасы ҚР Ашық үкіметінің «Ашық диалог» компоненті базасында құрылған.
Анықтама: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 95-ші қадамын іске асыру шеңберінде 2015 жылдың 16 қарашасында ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды. Ол ҚР Үкіметі мүшелерінің жеке блог-платформалары ашылған «Ашық үкімет» порталын құрудың іргетасын қалады.
Блог жүргізу платформасының негізгі қағидасы - мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнату.
Осындай байланыстың жолға қойылуы тұрғындардың мәселелерін шешуге үлкен серпін берді. Азаматтар мен Үкімет мүшелері арасында диалог құрылды. Министрліктердің басшыларына тікелей сұрақтарын жіберіп, мәселелерін айтуға, қалыптасқан жағдайда ықтимал шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Блог жүргізу платформасының басты артықшылықтарының бірі - мәселелерді шешудің жеделдігі мен тиімділігінде. Өтініштер құзыретті мемлекеттік органдарға күнделікті форматта бағытталып, туындаған сұрақтарға жауап беріледі.
2020 жылдың басында Министрліктің Комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары да өз блог платформаларын ашты.
Тәжірибе барысында анықталғандай, блог платформаларға келіп түсетін сұрақтар маусымдық, салалық және секторлық факторларға байланысты әртүрлі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Ашық Үкіметтің негізгі мақсаты ашық жұмыс істейтін, халыққа есеп беретін мемлекет құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдануға саяды.
Анықтама үшін:
Индустриялық даму комитеті Төрағасының блог-платформасы
Көлік комитеті Төрағасының блог-платформасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының блог-платформасы
Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының блог-платформасы
Азаматтық авиация комитеті Төрағасының блог-платформасы
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті Төрағасының блог-платформасы
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Өңір әкімі Амандық Баталов Алматы облысын дамытудың өзекті мәселелері туралы баяндады. Талқылауға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, туризм және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау, өңірде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. 2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,7%-ға (машина жасау 31%-ға, фармацевтика 10%-ға, тамақ өнімдері 3,5%-ға, сусындар 2,3%-ға, қағаз өндірісі 1,1%-ға) өсті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,3% өсіммен 917,8 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 6,9 мың гектарға ұлғайып, 968,5 мың га құрады. Мал басы 5,1%-ға артты, ет және сүт өндірісі тиісінше 2,2%-ға және 3,2%-ға өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4%-ға 680,7 млрд теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 310,2 млрд теңгені құрады (+6,8%), 957 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+6,9%).
Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 44 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 5,4 трлн теңгеге 546 жоба кіреді. Биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын аша отырып, 118 млрд теңгеге 62 жобаны іске асыру жоспарлануда. Алматы облысының Іле ауданында жалпы қуаты жылына 220 мың тонна болатын екі қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталады.
2020 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21 млрд теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5%-ын құрайды. Биыл облыста 685 км туристік маршрут пен соқпақтарды абаттандыру, 2,6 млрд теңге сомасына туристерді орналастыратын 18 орынды пайдалануға беру жоспарланған.
«Алматы облысы экономикасының негізгі секторларында оң даму динамикасы сақталды. Өңір АӨК, көлік және логистика, туризм және өнеркәсіп салаларында елеулі әлеуетке ие. Облыс Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып саналады. Жаңа жобаларға салынатын инвестициялар көлемін арттыру арқылы Алматы облысын одан әрі дамытуға едәуір серпін беру қажет», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы Алматы облысын дамытудың жоспарланған барлық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.
Дереккөз: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және оның орынбасарлары баяндама жасады. Талқылауға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Инженерлік, көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, білім беру және денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау және Алматы қаласын газдандыру мәселелері қаралды. Алматы агломерациясын дамыту және 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Алматы қаласы елдің ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие. Мегаполистің одан әрі айтарлықтай даму әлеуеті бар. Жаңа жұмыс орындарын құру, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды және жалпы алғанда, Алматы агломерациясының экономикасын дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы барлық жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды, сондай-ақ Алматы қаласын одан әрі дамытуға инвестициялар тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға 1,052 трлн теңгеге дейін өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 6,9%-ға (машина жасау 35,8%-ға, фармацевтика 43,5%-ға, қағаз өндіру 95,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 5 есе) артты.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ға 971,2 млрд теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 402,7 млрд теңгені құрады (+10,6%), 2,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+14%).
2021-2024 жылдары Алматы қаласында 35,4 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 4,5 трлн теңге болатын 201 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Биыл 7 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, 187,9 млрд теңгеге 92 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Жұмыс сапары аясында А. Мамин Алматы қаласының тұрғын үй инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі «SmArt.Point» коворкинг орталығын аралады, онда АТ, қаржы технологиясы, онлайн-сауда, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, киберқауіпсіздік, блокчейн, АT-білім беру, медиа, автоматтандырылған логистика, жасанды зерде, роботты техника және т. б. салалардағы 60-тан астам компания ұсынылған.
Дереккөз: primeminister.kz
2021 жылы 23 қаңтарында ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінімдер қабылдайтын онлайн-платформаны іске қосты.
2021 жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша 107 744 қазақстандық «ЖССБ24» мобильді қосымшасы және «Отбасы банк» сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы арнайы ағымдағы шоттар ашты. 83 436 қазақстандық www.enpf-otbasy.kz порталына өтінім берді. Төмендегідей мақсаттар бойынша:
- 41% ипотекалық займ бойынша қарызды өтеу, соның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде (ішінара немесе толық);
- 21% Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық өтеу);
- 17% Зейнетақы жинақтарын туысқандарға тағайындау;
- 8% «Отбасы банкінде» тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу;
- 5% Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу (соның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде);
- 3% Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;
- 3% Жеке тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);
- 2% Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеу
49 257 өтінім БЖЗҚ тексерісінен сәтті өтті, 49 миллиард теңгеден астам қаражат 8 376 қазақстандықтың арнайы шоттарына түсті.
«Отбасы Банк» порталға өтінім беру процесін оңтайландыру бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Платформаның бірінші жұмыс күнін қорытындылай келе «өтінімді жою» атты жаңа функция енгізілді. Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінге қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдасаңыз, жеке кабинетіңіздегі өтініміңізді жоя аласыз.
Ол үшін:
1. Жеке кабинетіңізге кіріп, "менің өтінімдерім" батырмасын таңдаңыз.
2. Жою қажет өтінімді таңдаңыз.
3. Экранның төменгі бөлігіндегі "өтінімді жою" пернесін басыңыз.
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00523), pr@hcsbk.kz
Баспасөз хатшысы: Жанар Жолтаева +77017699086
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.
«Бекітілген әдістемелерге сәйкес жергілікті қамту үлесі бойынша мәлімделген сандарды қайта тексеру» тапсырмасына қатысты.
Министр атап айтқандай, бұл тапсырманы орындау үшін өңірлерге көшпелі тексерулер ұйымдастырылады.
Жұмыс тобы және көшпелі тексерулер кестесі құрылды. Топ құрамына Бас прокуратура, қаржы, ұлттық экономика және энергетика министрліктерінің өкілдері кірді.
«Отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолданылуын растайтын барлық конкурстық құжаттарды тексеруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында төмен болып отыр», — деді Б. Атамқұлов.
Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде өңірлерде жалпы сомасы 882,2 млрд теңгеге 6491 жоба іске асырылып жатыр.
«Шығыстарды жоспарлау кезеңінде (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бағаны көтеруге мүмкіндік бермейтін тетіктерді енгізу» тапсырмасына қатысты.
Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген.
Биыл 10 қаңтарда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, бұл оң сараптама қорытындылары бар жобаларды қайта қолдануға қосымша мүмкіндік береді.
2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін онлайн-калькулятор іске қосылды.
«Бюджет заңнамасында тыйым белгіленді, енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. Оған қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде объектіні салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді көздеуді ұсынамыз», — деді Б. Атамқұлов.
«Әрбір арнайы экономикалық аймақ бойынша орындылыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің жаңа моделін әзірлеу» тапсырмасына қатысты
Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігі төмендігін және жобалардың әлсіз толықтырылуы байқалатынын атап өтті.
Мысалы, Жамбыл облысындағы Химпарк-Тараз аумағында құрылған сәттен бастап барлығы 1 жоба іске қосылған. Алматы облысында Қорғас-Шығыс қақпасы мен «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында да жағдай осындай.
Министр атап өткендей, ведомство әрбір арнайы экономикалық аймақ бойынша талдау жүргізді, дамыған елдердің тәжірибесі зерделенді. Мынадай жаңа тәсілдер ұсынылады:
Бірінші. Жұмыс істеу мерзімін 49 жылға дейін ұзарту ұсынылады, өйткені инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы мерзімі осындай.
Екінші. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы қызмет түрлерінің басымдығын алып тастау және өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары мен секторлары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Үшінші. Әрбір инвестор үшін жеңілдікті топтаманың инвестициялар көлемі бойынша өлшемдерге сәйкестігіне (қолданылуына) байланысты түрлі қолданылу мерзімдерін ұсыну (5 жылдан 20 жылға дейін).
Төртінші. Жауапкершілікті қарастыру. Яғни, міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бизнес тиісті кезең үшін барлық жете есептелмеген салықтарды қайтаруы тиіс.
Бесінші. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жобаларды іске асыру үшін дайын өндірістік үй-жайларды ұсыну мүмкіндігін қарастыру.
«Біз энергетика, сауда және интеграция министрліктерімен, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп әрбір арнайы экономикалық аймақты дамыту бойынша жол карталарын әзірлейміз», — деді Б. Атамқұлов.
«Тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа пакетін енгізу» тапсырмасына қатысты.
Министрдің айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді.
Соның аясында жеке құрылыс қорларын құру туралы шешімдер қаралады.
Осы шараларды іске асыру қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін Нұрлы жер бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.
Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және «5-10-20» жобасын жалғастыру ұсынылады (кезекте тұрғандар үшін Отбасы банкі арқылы жылдық 5% - ға дейін жеңілдікті қарыздар беру).
«Ол үшін республикалық бюджеттен жыл сайын "Отбасы банк" арқылы 420 млрд теңге бөлу қажет. Бұл жеке құрылыс салушылар мен әкімдіктерге жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар 353 мың адам (10 жыл ішінде) қолдауға ие болады», — деп түйіндеді Б. Атамқұлов.
Дереккөз: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, сыртқы істер министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында экономикалық белсенділікті қолдау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, салық және бюджет саясатын жетілдіру, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін дамыту және т. б. жөніндегі шаралар әзірленді. Үкімет АӨК, мұнай-газ химиясын, электр энергетикасын, су ресурстарын басқаруды, «Жасыл Қазақстан» экологиясын және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды әзірлейді.
«Құрылымдық және ынталандыру шаралары халық пен бизнесті жан-жақты қолдауды, олардың жаңа жағдайларға бейімделуін, сондай-ақ экономикалық белсенділікті жандандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа шынайылық жағдайында шикізаттық емес экспортты проактивті ілгерілетуге және инвестицияларды нысаналы тартуға бағдарланған өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударымыз қажет. Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуға қарқын беруі тиіс», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Премьер-Министр Үкіметтің 2021 жылғы негізгі мақсаты — экономикалық өсімді 3%-ға қамтамасыз ету, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды ЖІӨ-нің 20%-на дейін және шағын және орта бизнес үлесін 30%-ға дейін ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе арттыру, өңдеу өнеркәсібін 10%-ға өсіру, жұмыссыздықты 4,9%-ға дейін қысқарту екенін атап өтті.
А. Мамин Ұлттық экономика министрлігіне екі күн мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жол картасының жобасын енгізуді тапсырды.
«Басты міндет – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру. Үлкен жұмыс істеу керек, Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі нәтижелі түрде орындау қажет», — деді Премьер-Министр.
Дереккөз: primeminister.kz