Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 03-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • ҚР СБЖ 8.04-08-2021 «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» 2021 жыл (17 жинақ), 1-шығарылым;
  • ҚР СБЖ 8.04-09-2021 «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 2021 жыл, 1-шығарылым;
  • ҚР ЖТБЖ 8.04-12-2021 «Құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 2-бөлім. Теміржол тасымалдары, 2021 жыл, 1-шығарылым;
  • «Құрылыс жұмыстарына және жабдықты монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтары, Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинақтары, Құрылыстағы сметалық тарифтік ставкалар жинағы (ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015, ҚР ІСН 8.02-04-2020, ҚР СТС 8.04-07-2020) Өзгерістер мен толықтырулар. 21-шығарылым» бекітілсін.
  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2021 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі Құрылыс және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

істері комитетінің төрағасының

міндеттерін атқарушы                                                        А. Ыдырысов

Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Дата публикации
25 марта 2021