Сегізінші шақырылымдағы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы ағымдағы жылдың 30 наурызында өтті. Осы сегізінші шақырылымға 10 депутат сайланды. Оның ішінде өткен шақырылымнан 3, жаңадан 7 депутат сайланды. Депутаттардың орташа жасы - 44 жас, ең жас депутат 28-де, ең ересек депутат 55-те, оның ішінде 1-еуі әйел адам, 9-ы ер адам.
Сайланған мәслихат депутаттарының 8-і «AMANAT» партиясының, 1-еуі «Ақжол» партиясының, 1-еуі "Ауыл" партиясының өкілдері.
Қаратөбе аудандық мәслихатының төрағасы – Мендешов Нурлан Кумарович.
Бірінші ұйымдастыру сессиясында екі тұрақты комиссия құрылып, комиссия төрағалары мен мүшелері депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланды.
Аудандық мәслихатта 2 тұрақты комиссиялар қызмет етеді:
Мәслихаттың тұрақты комиссияларына оның маңызды органдары ретінде өз уәкілеттігі шегінде мәслихат шешімдерінің іске асырылуына бақылау жасау және іс-шараларды ұйымдастыру жүктелген.
Мекен жай | 090800, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Құрманғалиев көшесі 14 |
Телефон | 8 (71145) 31 2 99 |
karatuba_maslihat@mail.ru |