Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Бүгін Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашев жүргізді. 

Күн тәртібінде «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы» аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Бадақовтың хабарламасы тындалды. Сонымен қатар, «2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы туралы» шешім жобасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Ақсұлтанов және «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №35-4 "Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.