Теміртау театр мектебі тегін оқуға ниет білдірушілерді қабылдайды

Теміртау театр мектебі тегін оқуға ниет білдірушілерді қабылдайды

Теміртау қаласының Prospect жас көрермендер театры театр мектебінің жетінші ағынына қабылдау жариялайды. Prospect school жобасына қатысушылардың жасы 17-ден 22-ге дейін. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде тегін. Курс үш айға есептелген.

Театр мектебінің оқушысы болу үшін бірнеше шартты орындау керек:

«Театр мектебінен не күтемін?» тақырыбында ұзақтығы 1 минуттық бейне түсіру;   

https://docs.google.com/forms/d/1_ENEnHgKQ8rGa2DqwC2HCewnnsNUEac857acf8IhVbA/viewform?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAabkDbxoCrCg93K4L9VG8J0a-UlugKh0Qg8OJBJ4kqsCewkTrmNIZNeePN0_aem_YOhc3sZcrnAin7E3iGR62g&edit_requested=true google-формасын толтырып, ондағы бейнеңізге сілтеме жасау қажет (пікіртерім соңында).

Өтінімді 2025 жылғы 27 сәуірге дейін толтыру қажет.

Өтінімді толтыру бойынша кеңес алу үшін (8-7213) 90-01-40 нөміріне хабарласуға болады.

Оқу басталар алдындағы қорытынды кездесу 30 сәуірде өтеді.