"ФотоФест": Қарағанды жастары шығармашылық байқауғақатысуға шақырады

"ФотоФест": Қарағанды жастары шығармашылық байқауғақатысуға шақырады

"Сарыжайлау" кинотеатры "ФотоФест" шығармашылық конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Суретке түсіру дағдыларын меңгерген 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қарағанды жастарын қатысуға шақырады.

Байқаудың тақырыбы – "Сюжеттік фотосурет". Қатысушылар көзбенге түсетін ғана емес, сонымен қатар жарқын, түсінікті және терең сюжетке ие болатын фотографиялық жұмыс жасауы керек.

Жұмыстарды тәуелсіз сарапшы-фотографтардан, өңірдің мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұратын қазылар алқасы бағалайды. Бағалаудың маңызды өлшемшарттары: нақты идея мен тақырыптың болуы, сюжеттің айқындылығы, сондай-ақ фотосуреттің техникасы мен сапасы болады.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтеді: Гран-при, 1, 2 және 3-орын, сондай-ақ үш дипломантты таңдайды.

Байқау 2024 жылдың 25 желтоқсанында өтеді. Электрондық форматтағы жұмыстар мен өтінімдер 22 желтоқсанға дейін электрондық поштаға қабылданады: saryjaylau_kino@mail.ru.

Өтінім бермес бұрын конкурс туралы Ережемен танысу қажет.

Анықтама телефондары: (8-7212) 42-51-13, 42-53-12, 41-41-22 (факс).

"ФотоФест" шығармашылық байқауы Қарағандының 90 жылдығына арналған.