Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 12:00-де Қарқаралы қаласының мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72146) 3-13-66 телефоны бойынша қалдыруға немесе qarqaraly@akimat09.kz поштасына жіберуге болады.