Қарағанды облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының конкурсы басталуы туралы хабарланады.
Конкурс мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:
✔️ Ғылым - жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыру үшін
✔️ Мәдениет - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған
✔️ Ақпараттық технологиялар - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға арналған
✔️ Бизнес - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған
✔️ Медиа - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
***
Бір грант сомасы 2 000 000 теңге.
Қаржыландырудың жалпы бюджеті 50 000 000 теңгені құрайды
Конкурсқа Қарағанды облысының 18 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғындары қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 18-29 қараша (қоса алғанда) аралығында жүргізіледі.
Қатысу үшін Ережеге сәйкес конкурстық өтінімді толтырып, Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2 қабат, Community орталығы мекенжайы бойынша фронт-офиске немесе apko2011@mail.ru электрондық поштаға тапсыру қажет.
***
📲 Толық ақпаратты +7 (701) 377-42-11 call орталығынан немесе +7 (700) 526-28-88 нөмірі бойынша алуға болады.
⏱️ Call-орталық пен фронт-офистің жұмыс режимі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Сондай-ақ, https://t.me/grantskaragandaregion2024 телеграм арнасында барлық өзекті ақпарат жарияланатын болады.
🤝 Сізден идея, бізден қолдау!