Жиі қойылатын сұрақтар
Ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
Тракторшы-машинистің куәлігін жоғалтқан жағдайда дубликат алу үшін жергілікті атқарушы органға немесе Электрондық Үкімет порталы арқылы өтініш беру қажет. Өтінішпен бірген жеке куәлігінің көшірмесін, 3,5х4,5 ақ түсті фонда түскен фотосурет-1 дана, Медициналық анықтама Ф-073У, 0,5 АЕК мемлекеттік баж алымын төлеген түбіртек ұсынылады. Егер тракторшы-машинист куәлігін алғашқы алынған орынға жүгінсе 2 жұмыс күн ішінде беріледі, ал алғашқы алған жерден басқа бөлімге жүгінсе 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Аудан бойынша елді мекендерге орталықтандырылған ауыз су құбыры желісін тарту, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бірнеше кезеңнен тұратын күрделі әрі жауапты процесс. Ең алдымен, су көзін санитариялық тұрғыда бағалау және техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жұмыстары басталады. Бұл кезеңде жерасты немесе жерүсті су көздерінің сапасы мен көлемі сарапталып, арнайы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынады. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ғана жобаны іске асыру үшін облыстық немесе республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жолданады. Қаржы бөлінген жағдайда, заң талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер мекеме анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, су құбыры желісі, резервуарлар және тиісті инфрақұрылымдар салынады.
Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз.
Жол салу үшін ең алдымен жолдың қандай жағдайда екендігін анықтап, сараптама жасалады.
Алдымен жол құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Бұл құжат жобаның көлемі мен құнын анықтайды.
Дайындалған жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, онда жобаның техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделуі тексеріледі.
Сараптамадан оң қорытынды алынған соң, жобаны іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс жолданады.
Егер бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, құжаттары әзірленіп, Мемлекеттік сатып алу порталына дайындалады,
Қаражат бөлінгеннен кейін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер ұйымды анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланады.
Конкурста жеңімпаз атанған мердігер ұйыммен келісімшарт жасалып, жол салу жұмыстары басталады.
Тұрғын үй көмегі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер алу үшін аудан әкімдігі өткізетін жер учаскелерін беру конкурсына қатысу қажет. Сіз бос жерді өзіңіз таңдап, аудан әкімдігіне осы жерді конкурсқа қою туралы өтініш бере аласыз немесе конкурсқа қойылған басқа жерлерге қатыса аласыз. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтау қажет. Қажетті құжаттардың тізбесі: Конкурсқа қатысуға өтінім және жер заңнамасы бойынша бизнес-жоспар мен міндеттемелерді қамтитын конкурстық ұсыныс. Осы құжаттарды дайындағаннан кейін өтінімді ауданның жер қатынастары бөліміне қолма-қол қағаз түрінде немесе "электрондық үкімет"порталы арқылы электрондық түрде тапсыру қажет. Конкурсты жеңіп алған жағдайда аудан әкімдігі тарапынан Сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды беретін болады.
Жергілікті жерде танымал болған адамға көше атын беру үшін ең алдымен, аталған тұлғаны республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыну үшін қажетті құжаттар жинақтау қажет.
Қажетті құжаттар тізімі: ұсынылған адамның өмірбаяндық деректері, еңбек кітапшасының көшірмесі, ғылыми еңбектері, орден, медальдері туралы архивтік құжаттар және тұлға жайында Республикаға айрықша еңбегі сіңгені туралы тарихи дәлелді деректердің, марапаттарының, газетке шыққан мақалалардың көшірмелері және ұсыныс.
Жоғарыда аталған құжаттар толық жинақталған жағдайда, олардың сканерленген нұсқасын және ұсынысты Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің kultotdel_shetsk@mail.ru электронды почтасына жолдау қажет.
.Аталған тұлғаға көше атауын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының шешімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.