
Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша инватакси қызметін жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге арналған инватакси- такси. Жоба мүгедек балалар мен ересектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, әлеуметтенуге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне баруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың денсаулығы мен білім деңгейін нығайтуға ықпал ететін қосымша қызметтер алу мүмкіндіктерін аша отырып, олардың өмір сүру деңгейін арттырады.
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында Шахтинск, Қарағанды қалаларының аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген мүгедектігі бар адамдарды және балаларды инватаксимен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекшелігімен танысуға болады.
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ