Құрметті тыл еңбеккерлері! Құрметті Сәтбаевтықтар!

Құрметті тыл еңбеккерлері! Құрметті Сәтбаевтықтар!

Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – бейбіт өмір сыйлаған батырлардың рухына тағзым ететін күн. Біз үшін олар көзсіз ерлік пен жоғары жасампаздықтың үлгісі.

Біздің есімізден рухани ұлылықтың, мықты ерік-жігер мен асқан патриотизмінің үлгісін көрсеткен ардагер-майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне деген алғысымыз бен құрмет еш өшпейді.

Біздің парызымыз – оларды қамқорлықсыз, қараусыз қалдырмау және  батырлар жайлы жарқын естелікті есте сақтау.

Жеңіс мерекесі - бұл айрықша мейрам. Ол еліміздің халық бірлігі, тыныштық пен тұрақтылық сияқты басты жетістіктерінің маңыздылығын айқындайды.

Майдан және тыл ардагерлеріне қамқорлық жасау-әркімнің қасиетті парызы, өйткені олар нағыз батырлықтың үлгісі. Дәл осы адамдар экономиканы қалыпқа келтіріп, көрікті қалалар мен ауылдар салды.

Құрметті жерлестер! Осы маңызды күнде Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және бейбітшілік тілейміз! Еліміз бейбіт аспан астында гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук