Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті Отан қорғаушылар!

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толды! Сіздерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз.

Отанды қорғау – қасиетті де қастерлі ұғым. Бабалар армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұл мерекенің маңызы арта түсті.

Бүгінде Қазақстанды шекарасы  айқын, дербес, тәуелсіз,  егемен мемлекет ретінде тану және  қорғау — әрқайсымыздың парызымыз.

Отан қорғаушылар әрқашан ерлік пен батырлықтың, патриотизмнің және өз халқына шексіз қызмет етудің үлгісі болып қала бермек.  Қарулы Күштерде қызмет ету әрбір қазақстандықтың абыройлы міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген ерлік мектебіне айналды.

Бұл мереке өз Отанын сүйетін әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриотизм мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік рухын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Бұл күні қымбатты ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ қаламыздың барлық тұрғынын мемлекет тарихындағы осы маңызды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық, Отанға қызмет етуде  жаңа табыстар тілейміз!

 

Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук