Керней ауылдық округі Бұқар жырау ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде, аудан әкімшілік орталығы Ботақара кентінен 42 шақырым жерде орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Керней ауылдық округінің құрамына 3 ауыл кіреді: Ақжар, Алғабас және Керней ауылы — округ орталығы. Халықтың жалпы саны 2035 адамды құрайды. Негізгі мамандануы – өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту.
«Бұқар жырау ауданы Керней ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
| Мекенжайы: | село Керней, улица Алаш, 33 |
| E-mail: | kernei.bzh@karaganda-region.gov.kz |
| Телефоны: | 8-7215-451-802 |



