Меню
Страницы

Бүгін, 13 ақпанда 2026 жылында ауылдық Мәдениет үйінде жылқыларды жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау, оларды чиптеу және үй жануарларын ИСЖ жүйесіне тіркеу мәселелері бойынша тұрғындармен жиын өтті. Жиынға Бұқар Жырау ауданының ветеринариялық инспекциясының басшысы Салащенко П.В. қатысты. Кездесу барысында жылқыларды күтіп-бағу ережелері, мал иелерінің жеке жауапкершілігі, сондай-ақ көктемгі жайылымға шығар алдында жануарларды міндетті түрде чиптеу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, қараусыз және қаңғыбас иттер мәселесі талқыланды. Ит иелерінің жануарларды тиісті деңгейде ұстау жауапкершілігі, иттерді аулау тәртібі және талаптар бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары жөнінде түсіндірме берілді. Барлық жануар иелерін қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК