Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Инклюзивті білім беру

Қарағанды облысында

инклюзивті білім беруді дамыту

2016 жылдан бастап барлық құрылымдар мен ведомстволарда қолжетімділік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету бойынша мемлекет алға қойған міндеттерді орындау жөніндегі қызметі үйлестіру мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасының жанында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесі жұмыс істейді.

Қызметтің негізгі бағыттары: инклюзивті білім беруді іске асыруға тартылған барлық құрылымдарды біріктіру және үйлестіру; инклюзивті процестің жай - күйін жақсарту және дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; өңірде қалыптасқан білім беру ұйымдарының инклюзивті практикаға қосылу жағдайын мониторингтілеу және талдау болып табылады.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік саясаттың барлық стратегиялық бағыттарын негізге ала отырып, Қарағанды облысында инклюзивті білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Жол картасының іс - шаралары жоспарында кадрлық, оқу - әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру мәселелеріне ерекше көңіл берілген.

2020 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Нүкеновтің төрағалығымен мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау өкілдерінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің, арнайы ұйымдардың басшыларының қатысуымен онлайн - кеңестер өткізілуде.

Кеңес барысында дереу ведомствоаралық шешуді талап ететін бірқатар жүйелі проблемалар айтылды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап соңғы кеңес қорытындысы бойынша білім басқармасымен Teleqram арнасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың ата - аналарын қолдау үшін чат іске қосылды. Чатта оларға білім бөлімдерінің басшыларынан, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарынан консультациялық көмек алу мүмкіндігі берілді.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 12 879 бала, оның ішінде 2349 мүгедек бала бар.

Оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар - 4511 немесе 35%; мектеп жасындағы балалар - 8368 немесе 65%.

Білім беру бағдарламалары бойынша оқытумен, тәрбиемен және түзету - педагогикалық қолдаумен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 11 мың 753 бала немесе 91,2% қамтылған.

Облыс бойынша 5 психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация (Қарағанды қ. (2 бірлік), Теміртау, Балқаш, Жезқазған); 11 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті (Қарағанды қ. (3 бірлік), Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Сәтбаев, Осакаров, Жаңаарқа, Қарқаралы, Абай аудандары); 2 оңалту орталығы (Қарағанды қ., Теміртау) жұмыс істейді.

2019 жылдан бастап «Әр бала мектепке лайық» республикалық жобасы аясында «Болашақ» Корпоративтік қорымен бірлесіп аутизм және менталды бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету үшін инклюзияны қолдау бойынша 4 кабинет ашылды (Қарағанды қ. - 2, Жезқазған - 1, Теміртау - 1).

Сондай - ақ, «Дара» корпоративтік қорының қолдауымен инклюзивті білім беруді қолдаудың 4 ресурстық орталығы ашылды: 2020 жылы - 3 (Қарағанды қ. - 2, Теміртау қ. - 1); 2021 жылы-1 (Шахтинск қ.).

Инклюзияны қолдау кабинеттеріне ілесіп жүретін адамдардың - тьюторлардың, дефектолог - мұғалімдердің, логопед - мұғалімдердің қосымша штат бірліктері бөлінген.

Қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтардың материалдық және әдістемелік жабдықталуы балаларға қажет болған жағдайда, демалуға мүмкіндік береді, ал мамандар тобының балаларды оқытудың жеке жағдайларын жасауға мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторларына сәйкес облыс бойынша инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған: мектепке дейінгі ұйымдар - 69,7%, жалпы білім беретін мектептер - 73,2%, ТжКБ - 47%.

Ағымдағы оқу жылының басынан облыстың 172 жалпы білім беретін мектебінде жан басына қаржыландыру енгізілді. Оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 2264 бала контингенті бар 108 мектеп.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту 69 арнайы және 1468 бұқаралық (инклюзивті) сыныптарда жүзеге асырылады. Онда ПМПК ұсынымдарына сәйкес 3 340 бала білім алады, оның ішінде 650 бала үйде оқиды.

2020 - 2021 оқу жылында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне 6280 педагог немесе облыс педагогтерінің жалпы санының 30,4% тартылған.

2020 жылдан бастап («Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы) облыстың жалпы білім беретін мектептерінде педагог - ассистенттердің 59 штат бірлігі енгізілді.

Білім беру ұйымдарын инклюзивті практикамен қамтудың ұлғаюы педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптардың пайда болуына әкелді, олар дені сау балалармен ғана емес, сондай - ақ көптеген әлеуметтік факторларды, тікелей қоршаған ортаның ерекшелігін және әлеуметтену ерекшеліктерін ескере отырып, дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге бағдарлануы тиіс.

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері педагогтердің құзыреттілігін арттыру бойынша біліктілікті арттыру курстары, оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптары, желілік өзара іс - қимыл және әдістемелік сүйемелдеу арқылы шешіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап облыс әкімінің білім беру гранты аясында «Дефектология» мамандығы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта білім басқармасы инклюзивті білім берудің тұрақты мониторингісін жүзеге асыру мақсатында психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялардың, психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттерінің, арнайы мектептердің, балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай цифрлық дерекқорын енгізу бойынша жұмысты бастады.

Документы
Хабарландыру
17 марта 2025
Мемлекеттік білім беру тапсырысын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша орналастыру туралы хабарландыру
Тізбе
11 марта 2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығының талаптарына сәйкес келмейтін ұйымдардың тізімі «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»
Ақпарат
11 марта 2025
Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау туралы
Новости
Полезные материалы
2021 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясымен Қарағанды облысының орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту жағдайына зерттеу жүргізді
Инклюзивті білім беру
Медиагалерея
1
«Malahit» бағдарламасы
1
«ДАРА» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
События
15 марта
Қарағанды облысының білім басқармасы Telegram каналында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың ата-аналарын қолдау үшін чат іске қосты
15 марта
15 наурызда Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларының, Абай және Қарқаралы аудандарының ата - аналар қауымдастығымен онлайн кездесу өтті.
15 марта
Білім алу, түзету - педагогикалық қолдау және консультациялық көмек мәселелері бойынша ZOOM платформасында онлайн - режимде өткізуді жоспарланды
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Инстаграм
Файсбук

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы