2021 жылдың 12 шілдесінде Балқаш қалалық сайлау комиссиясының мәжілісі өтіп, онда Гүлшат кенті әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Г.А. Алтынбекова баяндама жасады.
2021 жылдың 9 шілдесінің жергілікті уақыт бойынша 18.00-де сағатына қалалық сайлау комиссиясы Гүлшат кенті әкімдігіне кандидат 4 адамның төртеуін де тіркеді.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 1 адам «Nur Otan» партиясынан, 1 адам Қазақстан Халық партиясынан, 2 адам өзін-өзі ұсынғандар.
Кандидаттардың төртеуі де ер адамдар, әйелдерден ұсынылғандар жоқ.
Мамандығы бойынша: 1 экономист, 1 ветеринарлық дәрігер, 1 мемлекеттік және жергілікті басқару маманы, 1 заңгер.
Сонымен, Гүлшат кенті әкімдігіне кандидаттар болып Расул Парменұлы Қасенхан, Алмас Рахимжанович Ахметов, Самат Бексултанович Молдабеков, Нурлан Омарович Кокобаев тіркелді.
Гүлшат кенті әкімдігіне кандидаттар болып тіркелген барлық кандидаттар 2021 жылдың 14 шілдесінің 18.00 сағатынан бастап 2021 жылдың 24 шілдесінің жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатына дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы №12/202 «Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың шығуы үшін қаржы бөлу қағидасы мен көлемін бекіту туралы» қаулысына сәйкес кандидаттың БАҚ-тарда өз бағдарламасымен шығуына бөлінетін қаржы төмендегі мөлшерде қарастырылған: теледидарда – 15 минут; радиода – 10 минут; мерзімдік баспа басылымдары мен жүйелік басылымдарда 0,1 баспа парақтан аспайтын 2 мақала жариялауға болады.
Барлық кандидаттарға үгіт жұмыстарын жүргізу үшін бірдей жағдай жасауға заңнамамен кепілдік беріледі.