Баспасөз хабарламасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХІХ хатшылығына

Баспасөз хабарламасы  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері  Съезінің ХІХ хатшылығына

Құрметті журналистер!

2021 жылы 6 қазанда Нұр-Сұлтанда, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы – Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысы өтеді.

Хатшылық отырысы аясында VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған.

ХІХ Съез Хатшылығының қарсаңында, 2021 жылдың 5 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев басшылығымен Съезд Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтеді.

ХІХ Съез Хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері, сондай-ақ – САК, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және т.б. – халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өтетін күні: 6 қазан 2021 жыл.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, баспасөз орталығы, 5 қабат.

Іс-шараның басталуы: сағат 10.00.

XIX Съез Хатшылығын ақпараттық сүйемелдеу және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу үшін сізден қоса берілген нысанға сәйкес аккредиттеуге өтінімді электрондық поштаға жіберуді сұраймыз pressa.mfa.kz@gmail.com және паспорттың көшірмесін 2021 жылғы 24 қыркүйектен кешіктірмей қоса береді.

Аккредитация сұрақтар бойынша +7 (7172) 72-02-36, 72-01-33 нөмірлеріне хабарласуға болады.