Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 84-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі 2024 жылғы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) дайындады.
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидаларының талаптарын сақтай отырып дайындалды.
Ұлттық баяндаманы қалыптастыру кезінде әскери мүлік, сондай-ақ мәліметтері қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған мүлік ескерілген жоқ.
Ұлттық баяндаманың мақсаты мемлекеттік активтердің және квазимемлекеттік сектордың жай-күйі жөнінде қоғамды хабардар ету болып табылады.
Ұлттық баяндаманы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті салалардың уәкілетті органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері
«Е-Qazyna.kz» АЖ-ға ұсынған ақпарат негізінде орындады және кіріспеден, негізгі бөліктен және мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстардан тұрады.