Елімізде жер қойнауының цифрлық картасы әзірленеді. Ауқымды жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ. Осы мақсатта биыл Үкімет резервінен арнайы қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бұл жұмыстар биыл аяқталады. Мұндай маңызды қадам еліміздегі кен орындарының әлеуетін қайта бағамдауға ықпал етеді. Өйткені дәл қазір отандық өндіріс орындарының дені 60-70-жылдары жасалған карта негізінде жұмыс істейді.
Қанат Ерубаев, ӨҚМ Геология комитеті төрағасының орынбасары:
Карта 2028 жылы дайын болады. Барлығы заман талабына сай цифрлық форматта әзірленеді. Бірінші кезекте пайдалы қазбаларға, сирек кездесетін металлдарға басымдық беріледі. Бұл жұмыстар елімізге инвестиция тартуға да жол ашады.