Ақтөбе облысында браконьерден 76 киік мүйіз тәркіленді

Ақтөбе облысында браконьерден 76 киік мүйіз тәркіленді

16 ақпан күні мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен  құқық қорғау органдарының бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында Ақтөбе облысы Ембі қаласы маңында Мұғалжар ауданының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің сөмкесін (рюкзак) тексеру барысында 76 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339 бабының 1-1 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.