Өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
|
Б. Акчулаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 23.12.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 31225 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство энергетики Республики Казахстан - Заместитель Директора департамента Самат Муратович Маханов, 08.12.2022 15:48:04, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 19.12.2022 18:53:43, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков, 20.12.2022 19:32:14, положительный результат проверки ЭЦП