ҚР Энергетика министрлігінің 2022 жылғы 27 шілдедегі №248 бұйрығы
«Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
65-бабының 3-тармағына, және Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға
2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы Ә. Мағауов
579
27 шілде 2022 14:13
27 шілде 2022