Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

заң жобасының тұжырымдамасы

 

  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Смайыловтың 2018 жылғы 25 мамырдағы № ЗТ-У-4483,1 жылу энергетикасы саласындағы қызметті реттейтін жеке салалық заңды қалыптастыру қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру үшін әзірленген «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының аясында Қазақстан Республикасының климаты жазы және қысы суық болып сипатталатын шұғыл континентті аймақта орналасқанын ескере отырып, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін технологиялық және өзге де талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Бүгінгі күні жылу энергетикасы саласындағы субъектілерге қатысты әкімшілік шараларды қолдану мәселесі қолданыстағы заңнамамен ішінара қамтылған.

Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайды және Жылу энергетикасы саласындағы шетелдік заңнаманы талдауды негізге ала отырып, адал шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ынталандыру шаралары жүйесін қалыптастырумен қатар, мемлекеттік бақылаудың және талаптарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің толыққанды жүйесін қалыптастыру қажет.

Осыған байланысты, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін жылу энергетикасы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларымен толықтыру қажет.

 

  1. Жария талқылау нәтижелері

 

№ т/б

Ұсынылған шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1

жылу энергетикасы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қамтитын саланы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Қолданды

 

 

 

  1. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасы үшін жылу энергетикасы саласының маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ жылу қуаттары мен желілерінің жаңаларын өсіру және жұмыс істеп тұрғандарын жөндеу қажеттілігін назарға ала отырып, заң жобасы жылу энергетикасы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыруға бағытталған.

 

  1. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасын реттеудің нысанасы жылу энергетикасы туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жылу энергетикасы субъектілерінің әкімшілік жауаптылығы туралы нормалар болып табылады.

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

Заң жобасының құрылымы 2-баптан тұрады.

1-бап. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2-бап. Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібі.

 

  1. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Ұсынылған заң жобасын қабылдау жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымды әсер етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

 

  1. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

 

  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетіп жатқан Заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі

Әзірленген Заң жобасына сәйкес басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) келтіру қажеттігі жоқ.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы
Дата публикации
13 декабря 2021