Құрметті қоғам өкілдері мен мүдделі тұлғалар!
Сіздерді, 2025 жылғы 25 сәуірде сағат 16:00-де «Zoom» режимінде өтетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың кіші түрлерін енгізудің реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдалымына шақырамыз, оның мақсаты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын ұйымдардағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің сапсаын жақсарту болып табылады.
Ағымдағы жылғы 31 наурызда сағат 16-00-да «Ашық НҚА» порталында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялардың кіші түрлерін енгізу реттеушілік әсерін талдау нәтижелері орналастырылды.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» порталында «on-line» режимінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтетін болады.
Осы іс-шараға қатысу үшін ағымдағы жылғы 24 сәуірден кешіктірмей деректерді келесі кестеге сәйкес z.alenova@enbek.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз:
№ |
Ұйым |
Аты-жөні |
Лауазымы |
Байланыс (ұялы телефон, email) |
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
Қосымша ақпарат үшін тел.: +7 (7172) 74-33-50