«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181788болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларында: 

23-1-тармақ мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:

«23-1. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмыс күшіне деген болжамды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

         3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

 

С. Жақыпова

 

 

Бұйрыққа қосымша

 

Еңбек ресурстарын болжаудың

ұлттық жүйесін қалыптастыру және

оның нәтижелерін пайдалану

қағидаларына 3-қосымша

 

Жұмыспен қамту қарқынын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға болжамды қажеттілікті айқындау жөніндегі Алгоритм

 

1. Осы Алгоритм Қазақстан Республикасында Еңбек ресурстарын тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және жергілікті атқарушы органдар үшін халықты жұмыспен қамту қарқынын ескере отырып, нақты кәсіптер бойынша кадрларға болжамды қажеттілікті қалыптастыру тетігі мен тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Алгоритм).

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілікті есептеу үшін өңірдегі нақты мәндердің көзі болып табылады:

 еңбек нарығының негізгі индикаторлары;

 демографиялық деректер (жыл сайынғы өлім-жітім коэффициенті);

Т-001 дерекқоры  (жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу сауалнамасы) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығымен бекітілген  нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген  Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына сәйкес сұратылады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (МЖС);

 әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары (ӘЭДБ);

 кешенді даму жоспарлары және өңірдің болжамды әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын өзге де құжаттар.

3. Алгоритм кадрларға болжамды қажеттілікті қалыптастырудың келесі кезеңдерін қамтиды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қалыптастыратын 2001-2024 жылдардағы (болжамның алдындағы кемінде 5 жыл үшін) экономикалық қызметтің 19 түрі бөлінісінде жалдамалы жұмыскерлердің жұмыспен қамтылу серпіні туралы жылдық статистикалық деректер қалыптастырылады

2)  жұмыспен қамту қарқынын   және экономиканың дамуының жалпылама көрсеткіштері бойынша тарихи деректер арқылы сала жұмыскерлер санының өзгеруі мен оның көрсеткіштері арасында байланыс орнатылады;

3) көрсеткіштер тізбекті жылдық өсу қарқынында ұсынылады, сондай-ақ модельдеу процесінен қалыптан тыс бақылаулар алынып тасталады және экономикалық қызметтің 19 түрінің әрқайсысында жұмыспен қамту көрсеткіштерінің өзара корреляциясы бағаланады;

4) негізгі көрсеткіштер коэффициенттерінің мәндерін бағалағаннан кейін жалдамалы жұмыскерлер санының индекстерін абсолютті көрсеткіштерге түрлендіру жүргізіледі;

5)  бұрын бағаланған сызықтық регрессиялық модельдер мен болжамды мәндердің көмегімен болжамды кезеңдерге салалар бөлінісінде жалдамалы еңбекке сұраныстың болжамы жүзеге асырылады;

6)  Экономика салалары бойынша кадрларға қосымша қажеттілік тиісті жылдардағы жалдамалы еңбекке сұраныс деңгейлері арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі;

7) жұмыскерлердің зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты ауыстыру бойынша сұранысты және жұмыскерлердің қайтыс болуына байланысты сұранысты есептеу үшін деректер қажет:

кәсіп (Ұлттық біліктілік жүйесі -2017 коды бойынша);

мәртебесі (тек жалдамалы жұмыскерлер);

респонденттің туған күні (зейнеткерлікке шығуды есептеу үшін және өлім-жітім мен ауыстыру бойынша сұраныс блогында қажет);

жынысы;

сала (салалық талдау үшін);

жұмыскерлер саны.

Өлім-жітім себептері бойынша ауыстыру бойынша сұраныс болжамы осы жыныстағы, жастағы және өңірдегі халыққа тән өлім-жітім коэффициенттерін қолдана отырып есептеледі.

Зейнеткерлік жасқа толу себептері бойынша ауыстыру бойынша сұраныс болжамы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа сәйкес белгілі бір кәсіптер тобы, жынысы, саласы және өңірі жұмыскерлерінің туған күні туралы деректер негізінде есептеледі;

8) жалдамалы жұмыскерлерге жалпы сұраныс жаңа сұраныстың, өлім-жітім себептері бойынша алмастыру бойынша сұраныстың және зейнеткерлік жасқа толу себептері бойынша алмастыру бойынша сұраныстың сомасы ретінде есептеледі.

бұйрық
Дата публикации
08 мая 2025