Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналаған тұжырымдамасын іске асыру туралы есеп

Приложение 1

 

1-бөлім. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналаған тұжырымдамасын іске асыру туралы есеп

 

Есепті кезең: 2024 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1050 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат

 

Реформалардың /негізгі
іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы ақпарат

Бөлінген қаражаттың игерілуі

Түсініктемелер

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

1-ші нысаналы индикаторы: кәсіптік стандарттармен қамтылған сұранысқа ие кәсіптердің үлесін 2029 жылға қарай 90 %-ға дейін жеткізу

-

57,6

 

 

Орындалды.

2

Кластерге кіретін ТжКБ ұйымдарында заманауи басқару нысандарын енгізу

ОМ бұйрығы

ОМ, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

3

Оқушыларды ерте кәсіби диагностикалау және сұранысқа ие мамандықтарға бағдарлау бағдарламасын енгізу

ерте кәсіби диагностикалау бағдарламасы

ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

4

ТжКБ орындарында практикалық дағдыларды меңгеру үшін мектептер мен ТжКБ бірлескен жұмысы

диплом

ОМ, Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

5

«Зәкірлік» ұйымдарды айқындай отырып, ТжКБ ұйымдарын бейіндеу

облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қаулылары

ОМ, Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

6

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыру үшін ТжКБ оқыту нәтижелерін тану

ТжКБ оқыту нәтижелерін тану

ҒЖБМ, ОМ

-

-

-

-

Орындалды.

7

Кәсіптік біліктілікті тану жүргізілетін кәсіптерді айқындау

кәсіптер тізілімі

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП
(келісу бойынша)

-

-

-

-

Орындалды.

8

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектілендіру

бұйрықтар

мүдделі мемлекеттік органдар

-

-

-

-

Орындалды.

9

Кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектілендіру

білім беру бағдарламаларын жаңарту

ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині

-

-

-

-

Орындалды.

10

Цифрлық «Кәсіптер бойынша жөнсілтер» арқылы тиімді кәсіптік бағдарлау үшін ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту

Цифрлық «Кәсіптер бойынша жөнсілтер» арқылы тиімді кәсіптік бағдарлау үшін ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту

Еңбекмині, ҒЖБМ, ОМ

-

-

-

-

Орындалды.

11

ТжКБ ұйымдарын ірі кәсіпорындарға және офтейк-келісімшарттар шеңберінде сенімгерлік басқаруға беру

облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қаулылары

ЖАО, ОМ, Еңбекмині

-

-

-

-

Орындалды.

12

Өңіраралық және салааралық ағын, кәсіпкерлік қызметке тарту бойынша жұмыс күшінің деңгейлес ұтқырлықтың мониторингі

есеп

Еңбекмині,
ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

13

Агломерациялардан тыс жерлерде (Астана, Алматы, Шымкент қалалары) экономикалық өсу полюстерін құру үшін жаппай жұмыс орындарын құруды, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымын дамытуды көздейтін инвестициялық жобалар шеңберінде ішкі ұтқырлықты ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат

Еңбекмині, ӨҚМ, КМ, ЭМ, ЭТРМ, АШМ, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

14

Кадрлардың еңбек тапшылығы бар өңірлерге релокациясын ынталандыру

талдамалық ақпарат

Еңбекмині, ӨҚМ, КМ, ЭМ, ЭТРМ, АШМ

-

-

-

-

Орындалды.

15

2-ші нысаналы индикаторлары: сапалы жұмыс орындары санының ұлғаюы, мың адам (2024 жылы – 2 452, 2025 жылы – 2 847, 2026 жылы – 3 085, 2027 жылы – 3 324, 2028 жылы – 3 562 2029 жылы – 3 801)

2452

2 473

-

-

Орындалды.

16

Мыналарды:

геологиялық ақпараттың цифрлық дерекқорын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған «Бірыңғай терезе»;

интерактивті геологиялық карталарды (зертханалар, керн қоймалары, байыту фабрикалары, металлургия зауыттары, логистикалық жолдар және т.б.);

әлеуетті инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың ақпараттық жүйеге ашық қолжетімділігін қамтамасыз етуді қамтитын жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу 

өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау актісі

ЦДИАӨМ, ӨҚМ, ЭМ

-

-

-

-

Орындалды.

17

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің реттелетін сатып алулары мен жобалары шеңберінде өндірістерді оқшаулау жолымен елішілік құндылықты дамыту үшін азаматтық офсет тетігін енгізу

заңнамалық түзетулер жобасы

ӨҚМ, Қаржымині, ЭМ, АШМ, ЭТРМ

-

-

-

-

Орындалды.

18

Құрылыс салушы тарапынан құрылыс салу объектісіндегі тұрғын үй алаңының үлесін беру жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру үшін ашық аукцион негізінде жер учаскелерін беру тетігін құру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу

талдамалық ақпарат және ұсынымдар

АШМ, ӨҚМ, Қаржымині ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

19

Кадрларды оқыту үшін ТжКБ базасында агроқұзырет орталықтарыны желісін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

агроқұзырет орталықтары

ОМ, «Атамекен» ҰКП
(келісу бойынша)

-

-

-

-

Орындалды.

20

Бюджеттік бағдарламалар бойынша ресурстарды бөлу кезінде орта кәсіпкерлікке басымдық беру және шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде сапалы жұмыс орындарын құру өлшемшартын енгізу

нормативтік құқықтық актілер топтамасын қабылдау

ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ, АШМ, ЭМ, ЭТРМ, «Атамекен» ҰКП
(келісу бойынша)

-

-

-

-

Орындалды.

21

Шекаралық өткелдерде өткізу қабілетін арттыру. Кедендік ресімдеу мерзімдерін қысқарту үшін өткізу пункттерін тиімді цифрландыру

талдамалық ақпарат

Қаржымині, КМ, СИМ, ЦДИАӨМ

-

-

-

-

Орындалды.

22

Агробизнесті кластерлеу және мамандандыру. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу тізбектерінің бірыңғай жүйесін бір кластерде (географиялық қағидат бойынша) құру. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын кластерлеу есебінен сапалы жұмыс орындар үлесін ұлғайту үшін ынталандыру топтамасын ұсыну
 

талдамалық ақпарат және ұсынымдар

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

-

-

-

-

Орындалды.

23

3- ші нысаналы индикаторлар:

 

 

 

 

 

 

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің цифрландырылған шаралары үлесін 86-дан 100 %-ға дейін жеткізу

-

90

 

 

Орындалды.

 

2) жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн форматта алушылардың үлесін 44-тен 70 %-ға дейін ұлғайту – (2024 жылы – 50%, 2025 жылы – 54%, 2026 жылы – 58%, 2027 жылы – 62%, 2028 жылы – 65%, 2029 жылы – 70%)

50

51

 

 

Орындалды.

 

3) мансап орталықтарының бизнес-процестерге оқытылған қызметкерлерінің үлесін 14,2-ден 80 %-ға дейін ұлғайту (штат санынан 2024 жылы – 25 %, 2025 жылы – 30 %, 2026 жылы – 35 %, 2027 жылы – 50 %, 2028 жылы – 65 %, 2029 жылы – 80 %)

25

64,6

 

 

Орындалды.

24

Ұлттық жобалар және (немесе) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру көрсеткіштері көзделетін өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекіту

өңірлік жұмыспен қамту карталары

ЖАО, ҰЭМ, АШМ, ӨҚМ, КМ, СИМ, МАМ, ТСМ, ОМ, ҒЖБМ, ДСМ, ЭТРМ, СРИМ, ЭМ, ЦДИАӨМ, Еңбекмині

-

-

-

-

Орындалды.

25

Еңбекминінің ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс орындарын құру, сондай-ақ халықты жұмысқа орналастыру мониторингі

есеп

Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

26

Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) қызметкерлерін оқытудың кешенді жүйесін енгізу: жеке оқыту жоспарларын қалыптастыру, үздіксіз кәсіптік оқыту, аттестаттау және біліктілік санаттарын беру, ішкі жаттықтырушылар пулын құру

Еңбекминінің бұйрықтары

Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

27

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын Enbek.kz сайтындағы онлайн-форматқа көшіру: жұмыссыздарға қашықтықтан мансаптық консультация беру, жұмысқа орналасу процестерін цифрлық форматқа көшіру – бейне-түйіндеме және бейне-әңгімелесу, цифрлық еңбек практикасын ұйымдастыру, бос жұмыс орындарын үйлестіру және жасанды интеллект базасындағы түйіндеме

жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматта көрсету

Еңбекмині, ЖАО

-

-

-

-

Орындалды.

28

Платформалық жұмыскерлерді тіркеуді және әлеуметтік қорғауды автоматтандыру үшін «Платформалық жұмыспен қамту» электрондық сервисін енгізу, арнаулы салық режимін қолдану

«Платформалық жұмыспен қамту» электрондық сервисі

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, Қаржымині

-

-

-

-

Орындалды.

 

Қосымша 2

 

2 бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау

 

Ішкі және сыртқы ықпал ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпалы

Қабылданған шаралар

1

2

Нысаналы индикатор 1: 2029 жылға қарай кәсіптік стандарттармен қамтылған сұранысқа ие кәсіптердің үлесін 90%-ға жеткізу. 2024 жылы кәсіптік стандарттармен қамтылған сұранысқа ие кәсіптердің үлесі – 57,6%.

Ішкі факторлар:

 

Салалық біліктілік шеңберлерінің уақтылы өзектендірілмеуі, кадрлардың жиі ауысуы, салалық сарапшылардың кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру процесіне жеткіліксіз тартылуы

Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024 жылы келесі жұмыс атқарылды:

1)    мемлекеттік органдарға:

- салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру мәселелері бойынша бақылауды күшейту;

- ҰБЖ функцияларын саладағы тәжірибе мен білімі бар жауапты білікті қызметкерлерге бекіту;

- кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қаржыландыруды қарастыру қажеттілігі туралы хаттар жолданған;

2) бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдерімен Ұлттық біліктілік жүйесінің проблемалық мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілген скрам кездесулер өткізілді;

3) проблемалық мемлекеттік органдармен проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылау бойынша бетпе-бет кездесулер өткізілді.

Нысаналы индикатор 2: Сапалы жұмыс орындарының санын арттыру, мың адамға шаққанда (2024 – 2452, 2025 – 2847, 2026 – 3085, 2027 – 3324, 2028 – 3562, 2029 – 3801). 2024 жылы сапалы жұмыс орындарының саны 2 473 мың адамды құрады.

Шағын және орта бизнесті қолдау шараларын біріктіру

2024 жылғы қыркүйекте «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіруді көздейтін Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және қаржылай емес қолдаудың өзге де шараларына біртіндеп көшуді көздейді.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру ШОБ субъектілері үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады (ҚРҮҚ-ның №754 1-қосымшасы 17.09.2024г.).

Анықтама үшін: өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды несиелендірудің пайыздық мөлшерлемесі алғашқы 3 жылда – 8%, 4 жылда – 9%, 5 жылда – 10%, қызмет көрсету саласында 3 жылда – 9% құрайды.

Бұл ретте кредит бойынша номиналды мөлшерлеме Ұлттық Банктің 5%-ға ұлғайтылған базалық мөлшерлемесінен аспауға тиіс.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы несиелеу мерзімі 5 жыл – инвестициялар үшін, басқалары 3 жылға дейін, айналым капиталын толықтырумен 3 жылға дейін.

Инвестициялардың максималды сомасы – 3 млрд. теңге, айналым қаражатын толықтыру 500 млн. теңгеден аспайды.

Кедендік рәсімдеудегі бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру

Декларациялау процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс процестерінің тиімділігін елеулі түрде арттыратын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыт шығындарын азайтатын «Кеден» жүйесі (бұдан әрі – «Кеден» АЖ) аясында жұмыстар жүргізілуде.

Көрсетілген іс-шаралар алдын ала хабардар етуді және транзиттік декларацияларды рәсімдеуді қоса алғанда, кедендік декларациялау кезеңдерін оңайлатуға ықпал етеді.

2024 жылғы 16 қарашадан бастап «Кеден»АЖ-де кедендік операциялар бойынша алдын ала ақпараттандыру, кедендік транзит, тауарларды уақытша сақтау, кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу, интеграцияланған бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде байланысты қызметтер іске қосылды.

Мысалы, «Тауарларды сақтау құжаты» модулі тауарлардың түсуі мен жұмсалуын автоматтандырылған бақылауды, олардың уақытша сақталу мерзімдерін бақылауды және кедендік рәсімдеуді аяқтау үшін қажетті кедендік декларациялар туралы ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді.

Осы модульді енгізу тауарлармен жасалатын операциялардың ашықтығын арттыруға, есепке алу және тіркеу процестерін жеделдетуге, адами факторларға байланысты қателіктердің ықтималдығын азайтуға және қағаз жүзіндегі құжаттарды пайдалану қажеттілігін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Енді уақытша сақтау қоймаларының иелері міндетті тоқсандық есеп беруден және қағаз жүзіндегі шот-фактуралардан босатылады, бұл әкімшілік шығындарды және лауазымды тұлғалармен байланысты едәуір қысқартады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қағаз жүзіндегі құжаттардың ұсынылуын және оларға кедендік белгілердің қойылуын болдырмауды, сондай-ақ транзиттік декларацияларды тіркеу мен шығаруды автоматты түрде жүзеге асыруды, тәуекелдерді басқару жүйесін талдау негізінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейтін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен транзитті декларациялау процесін автоматтандыру жөніндегі бірлескен пилоттық жоба жалғасуда.

Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Алтынкөл – Сарыағаш және Алтынкөл – Теңіз порты маршруттары бағытында 68 мыңнан астам транзиттік декларация рәсімделді.

Осы пилоттық жоба аясында келесі процестер жүзеге асырылды:

- ЕАЭО кедендік аумағына теміржол жүктерінің келуі туралы электрондық хабарлама;

- «KTZ Express» АҚ және оның филиалдары декларант болған кезде транзиттік декларацияларды автоматты түрде қалыптастыру және ұсыну;

- транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару;

- межелі кеден органына теміржол жүктерінің ЕАЭО аумағынан кетуі туралы автоматты түрде хабарлау;

- кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталғандығы туралы кеден органдарынан автоматты түрде ақпарат алу.

Сондай-ақ, жұмыс процестерінің тиімділігін елеулі түрде арттыратын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыт шығынын азайтатын «Qoldau.kz» платформасында және «CarGoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейтін электрондық кезек жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс үздіксіз жалғасуда.

Электрондық кезекті енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөлік құралдарының нақты жиналуын жоюға, тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні бұл жүйеде шамамен өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен 17 интеграция бар, бұл кезек мәселесін теріс қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) өнімділігі мен өнім сапасының өсуі

Тік және көлденең интеграцияның резервтерін пайдалану негізінде АӨК өнімділігі мен өнім сапасы өсуінің катализаторы АӨК-нің басым бағыттары бойынша экожүйелерді дамыту немесе агрокластерлер болады.

Аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, әр саладағы салалық тізбектердің барлық буындарын біріктіретін 7 бағыт бойынша зәкірлік инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда (ет, сүт, астық, майлы дақылдарды, жемістерді, көкөністерді қайта өңдеу және қант өндіру).

Мысалы, астықты өндіру және терең өңдеу кешенінің өзегі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында шоғырланған, «BioOperations» ЖШС (бұған дейін ұн, крахмал, глютен, мал азығын өндіру желілері тартылған).

Сүт өндіру және қайта өңдеу экожүйесіне «Сүт» АҚ (Павлодар обл.), «Danone Berkut» ЖШС және «МаслоДел» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) сияқты ірі кәсіпорындар кіреді.

Түркістан облысы қарқынды бау–бақшаларды орналастыру, жеміс-жидек қоймаларын және жеміс-жидек өңдеу зауытын салу үшін ең қолайлы орындар ретінде қарастырылады – «Dala Fruit.kz» ЖШС кәсіпорны.  

Жамбыл облысында қант өндіру жөніндегі экожүйе қалыптасуда.

Экожүйелердің, агрокластерлердің дамуын мемлекеттік қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауарлы фермаларын және агроөнеркәсіптік кешендегі басқа да ірі өнеркәсіптік нысандарды құру бойынша тәжірибесін тарату бағдарламасы жұмыс істейді.

Нысаналы индикаторлар 3:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің цифрландырылған шараларының үлесін 86%-дан 100%-ға дейін жеткізу, 2024 жылы үлес 90%-ды құрады.

2) жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың үлесін онлайн-форматта 44%–дан 70%–ға дейін арттыру – (2024 жылы – 50%, 2025 жылы – 54%, 2026 жылы – 58%, 2027 жылы - 62%, 2028 жылы - 65 %, 2029 жылы – 70 %). Жұмыспен қамту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алушылардың онлайн-форматтағы үлесі 51%-ды құрады.

3) бизнес-процестерге оқытудан өткен мансаптық орталықтар қызметкерлерінің үлесін 14,2%–дан 80%–ға дейін арттыру (2024 ж. – штат санының 25%, 2025 ж. – 30 %, 2026 ж. – 35 %, 2027 ж. – 50 %, 2028 ж. - 65 %, 2029 ж. - 80 %). Бизнес-процестерді оқытудан өткен мансап орталықтары қызметкерлерінің үлесі 2024 жылы штат санының 64,6% құрады.

Ақпараттық технологиялар мен интернеттің (технологиялық прогресс) дамуы, интернетті және мобильді құрылғыларды пайдаланушылар санының артуы (халық қажеттіліктерінің өзгеруі), үкімет тарапынан цифрландыруды қолдау (мемлекеттік саясат)

Әлеуметтік-еңбек саласын ауқымды цифрландыру жалғасуда. Атап айтқанда, 2024 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:

- жұмыс іздеушілер үшін ең қолайлы жұмыс орындарын анықтау үшін жасанды ақыл элементтерін енгізу;

- «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы арқылы ТжКБ және ЖОО студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу процесін автоматтандыру;

- мансап орталықтарымен қашықтықтан мансаптық кеңес беру функционалы әзірленді;

- Enbek.kz порталында жұмыс берушінің кандидатпен бейнесұхбаттасу өткізу функционалы іске қосылды;

- мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жұмыс орнына баруын мониторингілеу;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру процесін автоматтандыру (кезең-кезеңмен);

- Enbеk.kz порталы арқылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Онлайн-форматқа көшіру жоспарының және жобаларды тиімді басқарудың (жобаларды басқару) бар болуы, мансап орталықтары қызметкерлерінің цифрлық құралдармен жұмыс істеуге дайындық деңгейі (қызметкерлердің біліктілігі)

Жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттырудың жүйелі тәсілі жүзеге асырылуда. Елдің барлық аймақтарын қамти отырып, мамандарды competence.enbek.kz LMS-платформасын пайдалана отырып онлайн-форматта оқыту ұйымдастырылған.

2024 жылы LMS-платформасында еңбек ұтқырлығы орталықтары мен мансап орталықтарының 4400 белсенді қызметкері тіркелді. Бетпе-бет семинарлардың 100% аяқталуын қоса алғанда, онлайн курстар мен модульдерді аяқтаудың орташа көрсеткіші 77% құрайды.

2696 қызметкерді қамтумен 23 вебинар мен 13 бетпе-бет семинарды өткізген ішкі жаттықтырушылар институты енгізілді. 2347 қызметкерге жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту үдерісіне қанағаттану индексі 89% құрады.

 

3 қосымша

 

3 тарау. 2024 жылы

Қазақстан Республикасының

еңбек нарығын дамытудың

2024 – 2029 жылдарға

арналған тұжырымдамасының

орындалуы жөніндегі

талдау жазбахаты

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп есептік кезеңде Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан ары – Тұжырымдама) іске асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізді.

Жалпы алғанда, 2024 жылға белгіленген барлық нысаналы индикаторлардың орындалуы тіркелген, бұл іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін және іске асырудың таңдалған тетіктерінің барабарлығын көрсетті.

1-тарау. «Адами капиталды дамыту» шеңберінде нысаналы индикатор аясында кәсіптік стандарттармен қамтылған сұранысқа ие кәсіптердің үлесін 2029 жылға қарай 90%-ға жеткізу көзделген. Көрсеткіштің нақты мәні 2024 жылы 57,6% құрады.

Кәсіптік стандарттарды (бұдан ары - КС) әзірлеу және (немесе) өзектендіру жоспарына сәйкес 2024 жылы (оңтайландыруды ескере отырып) 339 КС бойынша жұмыс жоспарланып, оның ішінде 115 (34%) КС бекітілді, 2025 жылға 224 КС (КС уақтылы бекітілмеу себептері: СБШ уақтылы жаңартылмауы, кадрлардың жиі ауысуы, КС әзірлеу және өзектендіру процесіне салалық сарапшылардың жеткіліксіз тартылуы) ауыстырылды.  

2024 жылы Білім беру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі - ББ) 8 441 ОП (бакалавриат – 4 217 ББ, магистратура – 3 332 ББ, докторантура – 892 ББ) енгізілді.

Тізілімге енгізілген бағдарламалар жалпы санының ішінен кәсіптік стандарттарды ескере отырып 6 316 ББ жаңартылған, бұл 75% құрайды.

Анықтама үшін: мысалы, "Педагогикалық ғылымдар" саласы бойынша 1 843 ББ ішінен 1 707 ББ немесе 92,6% кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген; "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру саласы бойынша 561 ББ ішінен 487 ББ (86,8%) кәсіптік стандарттарды ескере отырып әзірленген.

16 мемлекеттік органның және Кәсіби біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсыныстары негізінде Еңбекмині Career Enbek цифрлық платформасында 513 мамандықты (136 міндетті және 377 ерікті негізде) қамтитын Кәсіптер тізілімін қалыптастырып орналастырды (https://career.enbek.kz/ru/pages/register-professions).

Мектеп оқушыларын ерте кәсіптік диагностикалау және сұранысқа ие мамандықтарға бағдарлау жөніндегі белгілі бір жұмыстарды жүргізбей, адами капиталды дамыту мүмкін емес.

Атап айтқанда, орта білім беру мекемелерінде ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру үшін «Маман» ұлттық бағдарламасының жобасы әзірленді. Оның аясында жұмыстың келесі кезеңдер қарастырылған: 1-4 сыныптар – кәсіптік салалармен алғашқы танысу; 5-7 сыныптар – білім алушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау үшін кәсіптік диагностика жүргізу; 8-9 сыныптар – икемді дағдыларды дамыту (soft skills); 10-11 сыныптар – жеке білім беру траекториясын, кәсіптік бағытын анықтау және білім алушыларды сүйемелдеу.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 7-9 сыныптарға арналған Agile Work Profiler (AWP) кәсіби диагностикалық құралын таңдау, бейімдеу және валидациялау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мамандығым-болашағым» жобасын жүзеге асыруда, оның шеңберінде «EduNavigator» платформасы арқылы облыс, республикалық маңызы бар қалалар мектептерінің оқушыларына (7-11 сыныптар) кәсіптік диагностика жүргізу көзделген.

2024 жылы 100 846 оқушы «Edunavigator.kz» тестінен өтті

Бұл тестілеудің нәтижелері әрбір қатысушының бірегей кәсіби қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, мамандық таңдау бойынша нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын жекелендіруге және олардың болашақ мансаптық дамуына құнды қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, Еңбекмині жастарды болашақ мамандықты таңдау кезінде бағдарлау мақсатында 2024 жылы «Еңбек» платформасында «Мансап компасы» жобасын іске қосты.

«Мансап компасы» кәсіби мансапты таңдау және мансап траекториясын басқару үшін кәсіби бағдар беру құралдарының бірі болып табылады.

Бұл жобада Amazon компаниясының жасанды ақыл технологиялары мен бұлтты шешімдері қолданылды. Жасанды ақыл арқасында платформа ашық дерекқорлардағы бос жұмыс орындарын автоматты түрде таниды және сәйкес кәсіптермен байланыстырады.

Платформада қол жетімді жұмыс орындары, жалақы, білімге қойылатын талаптар, оқу орындарының рейтингтері және т.б. туралы егжей-тегжейлі талдаулар бар.

Бұл еңбек нарығында, ең алдымен, жастардың жақсырақ бағдарлануына мүмкіндік береді және жұмысқа орналасу үрдісін анағұрлым тиімді етеді.

2024 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беруді (бұдан әрі – ТжКБ) трансформациялау жұмысы басталды, тиісті Жол картасы қабылданды. Жол картасына сәйкес ТжКБ ұйымдары бизнес-процестерінің тиімділігін, ашықтығын қамтамасыз ететін корпоративтік басқаруды кезең-кезеңімен енгізу және ТжКБ-ның әлеуметтік және мақсатты ұйымдарына арналған жобаны одан әрі жүзеге асыра отырып, ТжКБ-ның жетекші және тірек ұйымдарындағы қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланған.

2024 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі колледждерді бейіндеу жұмыстарын жүргізуде. 195 колледж бейіндеуге жатады (оның ішінде 119 мемлекеттік, 76 жеке меншік).

Бейіндеудің мақсаты салалық бағыттар бойынша нақтылау арқылы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру және ТжКБ ұйымдарында мамандықтардың қайталануын болдырмау болып табылады.

ТжКБ ұйымдарын бейіндеу:

Оңтүстік - Инженерия, АКТ және қызметтер (жеңіл және тамақ өнеркәсібі);

Батыс – Инженерия (мұнай-газ өнеркәсібі);

Орталық және Шығыс – Инженерия (машина жасау және өнеркәсіп) және қызметтер;

Солтүстік – Инженерия, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету, сондай-ақ кәсіптердің аймақтық атластарын ескере отырып, 4 макроөңірде дамуға сәйкес жүргізілетін болады.

Оқу-ағарту министрлігі бейіндеуден кейін: экономикадағы басымдықтар мен аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, республика бойынша ТжКБ ұйымдарын санаттар бойынша саралауға, жан басына шаққандағы нормативтерді өзгертуге, экономика салалары бойынша кадр даярлауды жүйелендіруге, студенттер қалашығымен бірыңғай білім беру жүйесіне, кадр даярлаудың сапасын арттыруға, жұмыс берушілер есебінен білім алушылардың санын көбейту бойынша жұмыс берушілермен бірлескен жұмысты күшейтуге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

 

2-тарау. Сапалы жұмыс орындарына сұранысты ынталандыру

«Сапалы жұмыс орындарының санын арттыру» нысаналы индикаторы орындалды және жұмыс орындарының саны жоспарланғандай 2 452 мың емес, 2 473 мыңды құрады, бұл 21 мыңдық (0,9%) оң ауытқуды көрсетуде.

Индикаторға қол жеткізуге бірқатар факторлар әсер етті.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – Платформа) – мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ барлау немесе өндіру жұмыстарын жүргізуге лицензия алу үшін бизнес-процестерді жеңілдететін және жеделдететін цифрлық платформа. Әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар (инвесторлар) инфрақұрылымнан бастап геологиялық және геофизикалық есептерге дейін сұралған учаске туралы толық ақпарат алады.

Геологиялық ақпаратпен толықтыру мақсатында Платформада 56 мыңға жуық геологиялық есептер сканерленіп, орналастырылды.

Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік қызметтерін көрсету аясында жер қойнауын пайдаланушыларға жазылым бонустарын тікелей Платформаға төлеуге мүмкіндік беретін «электрондық әмиян» қызметі іске асырылды.

Сонымен қатар, Платформа арқылы лицензиялар мен келісімшарттарды беру процесі ғана емес, олар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау цифрландырылады.

Анықтама үшін: мысалы, жылына қатты пайдалы қазбаларды барлауға кемінде 500 лицензия беріледі. Тиісінше, лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері пайда болады, олар бойынша мониторинг жүргізу қажет. Бұрын бұл бақылау 3 мың лицензия мен келісімшарт бойынша қолмен жүзеге асырылатын.

Осылайша, бүгінгі күні Платформаның жаңа функционалы іске асырылды, бұл жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын арттырады, сондай-ақ лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуын бақылауды жеңілдетеді.

Дегенмен, 2024 жылғы қыркүйек айынан бастап «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіруді көздейтін Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданды.

Бағдарлама субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және қаржылай емес қолдаудың өзге де шараларына біртіндеп көшуді көздейді.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру ШОБ субъектілері үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады (17.09.2024 жылғы №754 ҚРҮҚ-ның 1-қосымшасы.).

Қолдау шараларының тиімділігі кәсіпкерлік субъектілерінің қарсы міндеттемелерді орындауынан көрінеді.

Атап айтқанда, субсидиялау және кепілдік беру шарттарына қол қойылған күннен бастап 2 қаржы жылы өткеннен кейін жеке кәсіпкерлік субъектісі салықтардың, еңбекақы қорының немесе жұмыс орындарының 10%-ға өскенін растайды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектісін 3 миллиард теңгеден астам несие сомасымен жобаларды кеңейтуге ынталандыру мақсатында 3 қаржы жылының соңында шағын кәсіпкерлік субъектісі орта кәсіпкерлік субъектісі санатына ауысқанын растайды. 3 жыл ішінде өндірістік жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады.

Қарсы міндеттемелерді (салық, еңбекақы қоры және жұмыс орындары) есептеу мемлекеттік қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ұсынылған салық есептері бойынша Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылатыны атап өту қажет.

Сонымен бірге, шекаралық өткелдердегі өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Автокөлік бекеттерін қайта құру жөніндегі жол картасына сәйкес 2030 жылға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) ішкі және сыртқы шекарасында өткізу бекеттерін кешенді қайта құру және салу көзделген.

Жаңғырту өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақсартуға, шекарадан ыңғайлы өту және мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайды жасауға, өткізу қабілетін 6 есе арттыруға және тауарларды өткізудің барлық циклін автоматтандыру есебінен шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру тауарлар келген сәттен бастап шығарылғанға дейін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Анықтама үшін: жалпы алғанда «АСТАНА-1» АЖ декларациялау рәсімдерін жетілдіруге және тауарларды бақылау процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, декларациялау процестерінің тиімділігін арттыру үшін «Кеден» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Кеден" АЖ) шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

2024 жылғы 16 қарашадан бастап «Кеден» АЖ-да алдын-ала ақпараттандыру, кедендік транзит, тауарларды уақытша сақтау, кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу, ілеспе қызметтерді қоса алғанда, интеграцияланған бақылауды жүзеге асыру бойынша кедендік операциялар іске қосылды.

Анықтама үшін: мысалы, «Тауарларды сақтау құжаты» модулі тауарлардың түсуі мен жұмсалуын автоматтандырылған бақылауды, олардың уақытша сақталу мерзімдерін бақылауды және кедендік ресімдеуді аяқтау үшін қажетті кедендік декларациялар туралы ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді.

Осы модульді енгізу тауарлармен жасалатын операциялардың ашықтығын арттыруға, есепке алу және тіркеу процестерін жеделдетуге, адами факторларға байланысты қателіктердің ықтималдығын азайтуға және қағаз жүзіндегі құжаттарды пайдалану қажеттілігін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Енді уақытша сақтау қоймаларының иелері міндетті тоқсандық есеп беруден және қағаз жүзіндегі шот-фактуралардан босатылады, бұл әкімшілік шығындарды және лауазымды тұлғалармен байланысты едәуір қысқартады.

«Кеден» АЖ-не бұдан бұрын мамандандырылған ақпараттық жүйелер болмаған әуежайларды қоса алғанда, өткізу пункттері арқылы тауарлардың қозғалысын автоматтандырылған бақылауды орнатуға мүмкіндік беретін «Интеграцияланған бақылау» модулі енгізілді. Осының арқасында бақылаушы ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мүмкін болды, сондай-ақ рәсімдердің кідірістері мен қайталануы барынша азайтылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-мен қағаз құжаттардың ұсынылуын және оларға кедендік белгілердің қоюлуын алып тастауды, сондай-ақ, транзиттік декларацияларды тіркеуді және шығаруды автоматты түрде енгізуді, тәуекелдерді басқару жүйесін талдау негізінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды көздейтін транзитті декларациялау процесін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жоба бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.

Осы пилоттық жоба аясында келесі процестер жүзеге асырылды:

- ЕАЭО кедендік аумағына теміржол жүктерінің келуі туралы электрондық хабарлама;

- «KTZ Express» АҚ және оның филиалдары декларант болған кезде транзиттік декларацияларды автоматты түрде қалыптастыру және ұсыну;

- транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару;

- межелі кеден органына теміржол жүктерінің ЕАЭО аумағынан кетуі туралы автоматты түрде хабарлау;

- кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталғандығы туралы кеден органдарынан автоматты түрде ақпарат алу.

Сондай-ақ, жұмыс процестерінің тиімділігін елеулі түрде арттыратын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыт шығынын азайтатын «Qoldau.kz» платформасында және «CarGoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейтін электрондық кезек жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс үздіксіз жалғасуда.

Көрсетілген іс-шаралар транзиттік декларацияларды алдын ала хабардар етуді және ресімдеуді қоса алғанда, кедендік декларациялау кезеңдерін оңайлатуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, елішілік құндылықты дамыту мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға ірі тұтынушылар үшін міндеттемелерді енгізу бөлігінде:

- ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттарды жасасу;

- елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын енгізу бойынша түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

Сондай-ақ, түзетулер елішілік құндылықты дамыту, өндірісті жергіліктендіруді тереңдету түріндегі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушылардың қарсы міндеттемелерін кеңейтуді көздейді.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған шаралар реттелетін сатып алулардағы елішілік құндылық үлесін арттыруға, офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді келісімшарттардың санын көбейтуге, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді ұзақ мерзімді келісімшарттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен өнімділігінің және өнім сапасының өсу катализаторы болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы агрокластерлерді дамыту бойынша жұмыс жалғасуда..

Аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, әр саладағы салалық тізбектердің барлық буындарын біріктіретін 7 бағыт бойынша зәкірлік инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда (ет, сүт, астық, майлы дақылдарды, жемістерді, көкөністерді қайта өңдеу және қант өндіру).

Анықтама үшін: атап айтқанда, мысалы, астықты өндіру және терең өңдеу кешенінің өзегі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында шоғырланған, «BioOperations» ЖШС (бұған дейін ұн, крахмал, глютен, мал азығын өндіру желілері тартылған).

Сүт өндіру және қайта өңдеу экожүйесіне «Сүт» АҚ (Павлодар обл.), «Danone Berkut» ЖШС және «МаслоДел» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) сияқты ірі кәсіпорындар кіреді.

Түркістан облысы қарқынды бау–бақшаларды орналастыру, жеміс-жидек қоймаларын және жеміс-жидек өңдеу зауытын салу үшін ең қолайлы орындар ретінде қарастырылады – «Dala Fruit.kz» ЖШС кәсіпорны.   

Жамбыл облысында қант өндіру жөніндегі экожүйе қалыптасуда.

Экожүйелердің, агрокластерлердің дамуын мемлекеттік қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауарлы фермаларын және агроөнеркәсіптік кешендегі басқа да ірі өнеркәсіптік нысандарды құру бойынша тәжірибесін тарату бағдарламасы жұмыс істейді.

 

3 тарау. Экономика мен экономиканың тиімді байланысы үшін жағдайлар жасау сұраныс пен ұсынысты ұштастыруға арналған адами капиталды дамыту жүйелері.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу процестерін цифрландыру саласында оң динамика байқалады, бұл 2029 жылға қарай мақсатты бағдарға жетуге алғышарттар туғызады.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша цифрландырылған шаралардың жоспарланған үлес көрсеткіші 86%-ды, ал нақты көрсеткіші 90% құрады, жұмыспен қамту және онлайн-форматта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған мемлекеттік қызметтерді алушыларды үлесі 51% құрады; бизнес-процестер бойынша оқытудан өткен мансаптық орталықтардың қызметкерлер үлесі – 64,6%.

Ақпараттық технологиялардің дамуы, жасанды ақыл технологияларын енгізу еңбек нарығын айтарлықтай өзгертуде.

Халықтың басым бөлігі жұмыспен қамту органдарына дәстүрлі түрде барудан бас тартып, жұмыспен қамту саласындағы цифрлық жетістіктер – Электрондық еңбек биржасын (бұдан әрі – Enbеk.kz порталы) және тиісті мобильдік қосымшасын пайдаланады.

Осыған байланысты, Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.

Атап айтқанда, 2024 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:

- жұмыс іздеушілер үшін анағұрлым сәйкес келетін жұмыс орындарын таңдау үшін жасанды ақыл элементтері енгізілді;

- Enbеk.kz порталында ТжКБ және ЖОО студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу процестері автоматтандырылған;

- мансаптық орталықтардың қашықтықтан мансаптық кеңес беру функционалы әзірленді;

- Enbek.kz порталында жұмыс берушінің кандидатпен бейнесұхбаттасу өткізу функционалы іске қосылды;

- мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жұмыс орнына баруын мониторингілеу цифрланды;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру процесін кезең-кезеңмен автоматтандыру басталды;

- Enbеk.kz порталы арқылы субсидияландырылатын жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған шаралар Электрондық еңбек биржа негізінде цифрлық мансап орталықтарын кезең-кезеңмен енгізуге бағытталған.

Жұмыспен қамту қызметі мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында Тұжырымдама шеңберінде 2024 жылы тиісті нормативтік құқықтық актілер – Еңбек ұтқырлығы орталықтары мен мансап орталықтары қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету қағидалары  (2024 жылғы 14 қазандағы № 397 бұйрық) және Еңбек ұтқырлығы орталықтары (мансап орталықтары) қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу (2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрық) қағидалары қабылданды.

Елдің барлық аймақтарын қамти отырып, мамандарды competence.enbek.kz LMS-платформасын пайдалана отырып онлайн-форматта оқыту ұйымдастырылған.

2024 жылы LMS-платформасында еңбек ұтқырлығы орталықтары мен мансап орталықтарының 4400 белсенді қызметкері тіркелді. Бетпе-бет семинарлардың 100% аяқталуын қоса алғанда, онлайн курстар мен модульдерді аяқтаудың орташа көрсеткіші 77% құрайды.

2696 қызметкерді қамтумен 23 вебинар мен 13 бетпе-бет семинарды өткізген ішкі жаттықтырушылар институты енгізілді. Қызметкерлердің жұмысқа бейімделуінде тәлімгерлік жүйе оң нәтиже көрсетуде.

2024 жылы жеке даму жоспарларын қалыптастыруға негіз болған ЕҰО және МО қызметкерлерінің дағдылары мен білімдеріндегі негізгі олқылықтарды анықтау мақсатында кәсіби құзыреттіліктерін кешенді бағалау жүргізілді. Бағалау: орталықтар жұмысының қорытындыларын талдау, қызметкерлердің өз құзыреттіліктерін өздері бағалау және жұмыс іздеушілердің кері байланысын талдау сияқты үш аспектіні қамтыды.

Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, АТ-мамандарына сұраныстың артуы, жаңа индустриялардың пайда болуы (мысалы, креативті кәсіпкерлік) қызметі Әлеуметтік кодекспен реттелетін «платформалық» жұмыспен қамту феноменін туғызды. Бұл платформалық жұмысшыларды заңды түрде тануға және оларға әлеуметтік кепілдіктер беруге мүмкіндік берді.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде платформалық жұмыспен қамтуды реттеу шеңберінде салық режимін қолдану арқылы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне тартуға бағытталған бірқатар қызметтер енгізілді (дербес деректерге қол жеткізуді бақылау қызметі; дербес деректерге сұрау салу; жеке кәсіпкердің мәртебесін тексеру және жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама; жеке кәсіпкер туралы мәліметтерді өзгерту туралы өтініш; жаңа фискалдық чек құру; чектің күшін жою; күші жойылған чектің мәртебесін тексеру; есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер туралы хабарлама жолдау; жеке тұлғаны әлеуметтік аударымдардан босату және жеке тұлғаның жеңілдік санатын алу мәртебесі туралы сұрау жіберу қызметі; жеке тұлғаны әлеуметтік аударымдардан босату және жеке тұлғаның жеңілдік санатын сұрау мәртебесі бойынша жауап беру қызметі).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығы шеңберінде 2024 жылғы 21 қазаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шотына («Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ-не) интернет-платформаларды орындаушылардан міндетті әлеуметтік төлемдерді қабылдау басталды (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру).

 

Еңбекмині мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

1-бөлім бойынша есеп
Дата публикации
30 апреля 2025