Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
|
«2. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі); 3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі |
4) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес сұрау салу қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өтінішке «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса отырып жүгінеді.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде
– тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушыныңөзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей проактивті нысанда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалардың 8-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші учаскелік комиссиядан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 181 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«15. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталғанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:
көрсетілетін қызметті алушыны бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
ақпараттық жүйелерді пайдалану;
көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыөз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушытанысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бас тартқан жағдайда – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.
Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, көрсетілетін қызметті беруші немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде береді.
Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.»;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес
1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес
2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалары осы бұйрыққа
5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес
5, 6 және 7 қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша алып тасталсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі