«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – БА) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
16-бабы 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес БА жобасына мынадай өзгерістер енгізілді:
1) 2-тарау, «Басшылардың лауазымдары» деген 1-бөлім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметтің басшысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер» деген лауазым 102-параграфпен толықтырылды;
2) 2-тарау, «Мамандардың лауазымдары» деген 2-бөлім 115, 116, 117, 118, 119-параграфтармен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жөніндегі маман», «Цифрлық техник-нормалаушы», «Цифрлық заңгер», «Нутрициолог», «Дәнекерлеу жөніндегі инженер» лауазымдарымен толықтырылды.
3-тарауда, «3. Бас ғылыми қызметкер» деген параграфқа, «4. Ұйымның бас директоры, директоры (бастығы)» деген параграфқа, «6. Ғылыми хатшы», деген параграфқа «9. Жетекші ғылыми қызметкер» деген параграфқа,
«15. Ғылыми-зерттеу секторының (зертхананың) меңгерушісі (бастығы)» деген параграфқа, «16. Ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісі (бастығы)» деген параграфқа, «24. ғылыми жұмыс жөніндегі ұйым директорының (бастығының) орынбасары (ұйымның бас инженері)» деген параграфқа, 791, 794, 800, 809, 827, 830, 854-тармақтарға, «Біліктілікке қойылатын талаптар» деген бөлімге философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор дәрежесіне, сондай-ақ бас ғылыми қызметкерге – тиісті мамандық бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуына сілтеме жасай отырып, толықтырулар енгізілді.
Бұйрықтың жобасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сайтында, сондай - ақ жария талқылау үшін-ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасына кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелерінен, қоғамдық кеңес мүшелерінен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподактырының бірлестігінен оң қорытындылар ұсынылды.
БА жұмыскерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерінің ұйымдарында персоналды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.
«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы бойынша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті