«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

         3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

 

 

бұйрығына қосымша

 

 

 

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики


Ведомстволық статистикалық

байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Еңбекмині) ұсынылады

Представляется в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее –МТСЗН)

 

Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп

Отчет о мероприятиях содействия занятости населения

Индексі
Индекс

1-Е (жұмысқа орналастыру)
1-Т (трудоустройство)

айлық
месячная

есепті кезең
отчетный период

 

ай
месяц

 

жыл
год

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың еңбек мобильділігі орталықтары және «ЕРДО» АҚ Еңбекминіне ұсынады

Представляют центры трудовой мобильности областей, городов республиканского значения и столицы и АО «ЦРТР» в МТСЗН

Ұсыну мерзімі – аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың мансап орталықтары есепті айдан кейінгі айдың 2-күні; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың еңбек мобильділігі орталықтары есепті айдан кейінгі айдың 4-күні; «ЕРДО» АҚ Еңбекминіне – есепті айдан кейінгі айдың 7-күні

Срок представления – карьерные центры районов и городов областного значения – 2-го числа после отчетного месяца; центры трудовой мобильности областей, городов республиканского значения и столицы – 4-го числа после отчетного месяца; АО «ЦРТР» в МТСЗН– 7-го числа после отчетного месяца

БСН коды
код БИН

 

20__ жыл__________ айы

_____________месяц 20__год

                 

Жол коды
Код строки

Көрсеткіштер
Показатели

Барлығы
Всего

Оның ішінде ауылдық жерде тұратындар

В том числе проживающие в сельской местности

айына
за месяц

жыл басынан бастап
с начала года

 

айына
за месяц

жыл басынан бастап
с начала года

А

Б

1

2

3

4

0

Жыл басынан бастап есепте тұрғандар, барлығы адам
Состоят всего на учете на начало года, человек

х

 

х

 

0.1

оның ішінде жұмыссыздар, адам
в том числе безработные, человек

х

 

х

 

1

Еңбек делдалдығы үшін мансап орталығына жүгінгендер, бірлік
Обратилось в карьерные центры за трудовым посредничеством, единиц

 

 

 

 

1.1

жұмыс іздеген адам ретінде тіркелгендер, адам
зарегистрированы в качестве лица,
ищущего работу, человек

 

 

 

 

1.1.1

кәсіптік бағдарлаудан өткендер, адам
прошли профессиональную ориентацию, человек

 

 

 

 

1.1.2

жүгінген күннен бастап 10 күн ішінде жұмысқа орналасқандар, адам
трудоустроены в течении 10 дней со дня обращения, человек

 

 

 

 

1.1.3

жұмыс іздеген адам ретінде

есептен шығарылғандар, адам
сняты с учета в качестве лица, ищущего работу, человек

 

 

 

 

2

Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету үшін мансап орталығында тіркелгендер, адам
Зарегистрированы в карьерных центрах для оказания мер государственной поддержки,

человек

 

 

 

 

оның ішінде:
в том числе:

х

2.1

жұмыссыздар, адам
безработные, человек

 

 

 

 

2.2

жұмыспен қамтылған халық, адам
занятое население, человек

 

 

 

 

3

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, бірлік
Активные меры содействия занятости, единиц

 

 

 

 

оның ішінде:
в том числе:

 

 

 

 

3.1

бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, адам
трудоустройство на вакансии, человек

 

 

 

 

3.2

кәсіптік оқытуға жіберілгендер, адам
направлены на профессиональное обучение, человек

 

 

 

 

 

3.2.1

кәсіптік оқытуды аяқтағандар, адам
завершили профессиональное обучение,
человек

 

 

 

 

3.2.2

кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқаны, адам

трудоустроено после завершения профессионального обучения, человек

 

 

 

 

3.3

кәсіпкерлік негіздеріне оқығандар, адам
обучены основам предпринимательства, человек

 

 

 

 

3.4

микрокредиттер берілді, бірлік

выдано микрокредитов, единиц

 

 

 

 

3.5

жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген өтеусіз гранттар, бірлік

выдано безвозмездных грантов на реализацию новых бизнес идей, единиц

 

 

 

 

3.6

субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, адам

трудоустроено на субсидируемые рабочие места, человек

 

 

 

 

оның ішінде:

в том числе:

 

 

 

 

3.6.1

жастар практикасы, адам

молодежная практика, человек

 

 

 

 

3.6.2

әлеуметтік жұмыс орындары, адам

социальные рабочие места, человек

 

 

 

 

3.6.3

қоғамдық жұмыстар, адам

общественные работы, человек

 

 

 

 

3.6.4

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы, адам

проект «Первое рабочее место», человек

 

 

 

 

3.6.5

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы, адам

проект «Контракт поколений», человек

 

 

 

 

3.6.6

«Күміс жас» жобасы, адам

проект «Серебряный возраст», человек

 

 

 

 

3.7

отбасы көшірілді, брлік
переселено семей, единиц

 

 

 

 

3.7.1

олардың ішінде еңбек етуге қабілеттілер, адам
из них трудоспособные, человек

 

 

 

 

3.8

мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, адам
трудоустройство лиц с инвалидностью, человек

 

 

 

 

оның ішінде:
в том числе:

 

 

 

 

3.8.1

мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, адам

трудоустройство лиц с инвалидностью на специальные рабочие места, человек

 

 

 

 

3.9

өзге де шаралар
прочие меры

 

 

 

 

4

Есептен шығарылғандар, барлығы адам
Сняты с учета всего, человек

 

 

 

 

4.1

оның ішінде жұмыссыздар
в том числе безработные

 

 

 

 

5

Есепті айдың соңында есепте тұрғандар, адам
Состоят на учете на конец отчетного месяца, человек

 

х

 

х

5.1

оның ішінде жұмыссыздар
в том числе безработные

 

х

 

х

6

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны, адам
Количество получателей социальных выплат на случай после потери работы, человек

 

 

 

 

7

Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді, барлығы бірлік
Оказано мер по трудоустройству всего, единиц

 

 

 

 

оның ішінде:
в том числе:

 

 

 

 

7.1

жұмысқа орналастырылды, барлығы, адам
трудоустроено всего, человек

 

 

 

 
             

     

Атауы

Наименование_______________________________________

 

Мекенжайы (респонденттің)

Адрес (респондента)______________________________________

 

Телефоны (респонденттің)

Телефон (респондента) ______________________________________

                                                                                                 стационарлық, ұялы

                                                                                            стационарный, мобильный

 

Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

Адрес электронной почты (респондента) ________________________________

 

Алғашқы деректерді жариялауға келісеміз¹ Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз¹

Согласны на опубликование первичных данных¹ ☐ Не согласны на опубликование первичных данных¹ ☐

 

Орындаушы

Исполнитель

______________________________________________________________

                                               тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны (орындаушының)

                                           фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон (исполнителя)

 

Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы тұлға

Главный бухгалтер или лицо, исполняющее его обязанности

________________________________________       ___________________

                                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                                                           қолы

                            фамилия, имя и отчество (при его наличии)                                                      подпись

 

Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности

 

________________________________________       ___________________

                                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                                                              қолы

                            фамилия, имя и отчество (при его наличии)                                                         подпись

 

Ескертпе:

Примечание:

¹Аталған тармақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес толтырылады

¹Данный пункт заполняется согласно пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан «О государственной статистике»

 

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

бұйрығына қосымша/

 

 

«Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» (индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

  1. Осы «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» (1-Е индексі (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп» (1-Е индексі (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
  2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және кәсіптік білімді, дағдыларды, жеке басының мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

3) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

4) жұмыс іздеуші адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;

5) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

6) кәсіптік оқыту – Әлеуметтік кодексте көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтарды (кәсіптерді), дағдыларды меңгеру және біліктілікті арттыру мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;

7) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

8) субсидияланатын жұмыс орны – жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірілмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны.

  1. Статистикалық нысандағы барлық көрсеткіштер (есепті айдың соңындағы деректер көрсетілетін 5, 5.1-жолдарды қоспағанда) есепті айға және ағымдағы жыл басынан бергі үдемелі қорытындымен келтіріледі. Деректер бірлігіне дейін дәлме-дәл көрсетіледі.

Статистикалық нысанның 3 және 4-бағандарында 1 және 2-бағандардан ауылдық жерлерде тұратын азаматтар бойынша деректер бөлінеді, оларға «қалалық үлгідегі кент» санатына жататын жұмыс кенттерінің тұрғындары жатқызылмайды.

0-жол бойынша ағымдағы жылдың басына жұмыс іздеп мансап орталығының есебінде тұрған азаматтардың (гранттар мен микрокредиттер алған, оқуды жалғастырған, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу кіретін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын адамдарды қоса алғанда) жалпы саны туралы деректер келтіріледі;

0.1-жол бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс іздеп мансап орталықтарының есебінде тұрған жұмыссыздардың жалпы саны туралы деректер келтіріледі.

1-жол бойынша мансап орталықтарына еңбек делдалдығына жүгінген және оларда жұмыссыз ретінде есепке қойылған, басқа еңбек қызметінде жұмыспен қамтылған, бірақ басқа жұмыс тапқысы келетін, қосымша табыс (кіріс) тапқысы және бірнеше еңбек шарты бойынша жұмыс істегісі келетін, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында жұмыс күшіне қажеттілік болған кезде жұмыс берушіге бағытталатын зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектігі бар адамдарды және басқа адамдарды қоса алғанда адамдардың жалпы саны туралы деректер келтіріледі.

1.1-жол бойынша (1-жолдан) жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетуі үшін тілек білдірген және жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелген адамдардың саны көрсетіледі.

1.1.1-жол бойынша жүгінген және тіркелген, мансап орталығы кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсеткен адамдардың саны көрсетіледі.

1.1.2-жол бойынша мансап орталығына жүгінген және тіркелген күнінен бастап 10 күн ішінде жұмысқа орналастырған адамдардың саны көрсетіледі.

1.1.3-жол бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде есептен шығарылған адамдардың саны көрсетіледі.

2-жол бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдардың саны көрсетіледі.

2.1-жол бойынша (2-жолдан) жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны туралы деректер келтіріледі.

2.2-жол бойынша (2-жолдан) тіркелген, жұмыс іздеп жүрген жұмыспен қамтылған адамдардың саны туралы деректер келтіріледі.

3-жол бойынша жұмыс іздеген адамдар мен жұмыссыздарға қолданылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының саны туралы деректер келтіріледі.

3.1-жол бойынша жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.2-жол бойынша кәсіптік оқытуға жіберілгендердің саны туралы деректер келтіріледі.

3.2.1-жол бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.2.2-жол бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқандардың саны туралы деректер келтіріледі.

3.3- жол бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілген адамдардың саны туралы деректер келтіріледі.

3.4-жол бойынша жас кәсіпкерлерге берілген микрокредиттердің (бірлік) саны көрсетіледі, микрокредиттердің саны, жыл ішінде оларды алу саны бойынша есепке алынады.

3.5-жол бойынша жаңа бизнес идеяларды (бірлік) іске асыруға берілген өтеусіз гранттардың саны көрсетіледі, өтеусіз гранттардың саны, жыл ішінде оларды алу саны бойынша есепке алынады.

3.6-жол бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.1-жол бойынша жастар практикасы шеңберінде жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.2-жол бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.3-жол бойынша қоғамдық жұмыстар шеңберінде жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.4-жол бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.5-жол бойынша «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.6.6-жол бойынша «Күміс жас» жобасына жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі.

3.7-жол бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қоныс аударған отбасылардың саны көрсетіледі, өлшем бірлік ретінде отағасы алынады.

3.7.1-жол бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қоныс аударған отбасылардың еңбек етуге қабілетті мүшелерінің саны көрсетіледі.

3.8-жол бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуының сақталуы көрсетіледі (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындары) (жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды есепке алусыз).

3.8.1-жол бойынша мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көрсетіледі.

3.9-жол бойынша бюджеттен субсидияланатын өзге шаралардың саны көрсетіледі.

4-жол бойынша ағымдағы жылы «жұмыс іздеп жүрген адам» ретінде есептен шығарылған адамдардың саны көрсетіледі.

4.1-жол бойынша ағымдағы жылы «жұмыссыз» ретінде есептен шығарылған адамдардың саны көрсетіледі.

5-жол бойынша есепті айдың соңындағы жағдай бойынша мансап орталығында есепте тұрған жұмыс іздеп жүрген адамдардың іс-жүзіндегі саны көрсетіледі.

5.1-жол бойынша есепті айдың соңындағы жағдай бойынша мансап орталығында есепте тұрған жұмыссыздардың іс-жүзіндегі саны көрсетіледі.

6-жол бойынша (1.1-жолдан) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын, жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алған адамдардың саны көрсетіледі.

7-жол бойынша жалпы жұмысқа орналастыру көрсетіледі, мансап орталықтардың жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткен шаралар санымен айқындалады.

Егер есепті кезең ішінде өтініш берген адам бірнеше әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылса, онда ол әрбір ретте әлеуметтік қорғаудың барлық шаралары бойынша есепке алынады.

7.1-жол бойынша мансап орталықтары жұмысқа орналастырған адамдардың санымен айқындалатын жалпы жұмысқа орналастыру көрсетіледі.

  1. Ескертпе: Х – аталған позиция толтыруға жатпайды.
  2. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1) 2-баған = есепті кезеңнің 1-бағаны + өткен кезеңнің 2-бағаны (0; 0.1 және 5; 5.1-жолдарды қоспағанда);

2) 2-баған ≥ 1-бағанның барлық жолдары бойынша 0; 0.1 және 5; 5.1-жолдарды қоспағанда;

3) 2-жол = 1.1-жол - 1.1.2-жол - 1.1.3-жол;

4) 2-жол = 2.1-жол + 2.2-жол;

5) 3-жол = 3.1-3.9-жолдардың ∑;

6) 5-жол = 0-жол +2-жол - 6-жол;

7) 5.1-жол = 0.1-жол + 2.1-жол - 4.1-жол;

8) 7-жол = 1.1.2-жол + 3.1-жол +3.6-жол.

 

бұйрық
Дата публикации
26 июня 2023