«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына пресс-релизі

Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жұмыс істеп тұрған Халықты жұмыспен қамту орталықтарын Мансап орталықтарға айналдыра отырып, облыс орталықтарында және мегаполистерде 20 еңбек мобильдігі орталықтары құрылатын болады.

Мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы Еңбек мобильдігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа Еңбек мобильдігі орталықтарының негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру болып табылады.

Жобаны қабылдау жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылғы 23 маусымда қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.

баспасөз релизі
Дата публикации
21 июня 2023