«Тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы № бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 72-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы № өкімімен бекітілген «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесіне сәйкес әзірленген.
Жоба әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне, Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін жіберілді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.