«Пана іздеген адамдардың жаппай ағыны кезінде уақытша қоныстану пункттерін айқындау, қабылдау және орналастыру қағидаларын»Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 19 сәуірдегі Заңының 1-бабының 92)-тармағына сайкес әзірленді
Жобаны қабылдаудың мақсаты пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерін айқындау және оларда қабылдау мен орналастыру механизімін енгізу болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.