Электр жетегі бар кресло-арбамен (әмбебап) қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер және оларды ауыстыру мерзімдері.
Мүгедектігі бар адамдарға жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектігі бар адамның оңалту іс-шараларын жүргізу қажеттілігіне қарай, № 031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы № 287 бұйрығына сәйкес электр жетегі бар кресло-арбамен (әмбебап) қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер:
электр жетегі бар кресло-арбамен (әмбебап) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер:
Мүгедектігі бар адамдар бір мезгілде бөлме кресло-арбасымен және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен не әмбебап кресло-арбаның немесе кресло-каталканың бір түрімен қамтамасыз етіледі.
Бөлме және/немесе серуендеу кресло-арбасын әмбебап кресло-арбаға немесе кресло-каталкасына ауыстыру олардың біреуін ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
Электр жетегі бар (әмбебап) кресло-арбаның ауыстыру мерзімі 5 жылдан ерте емес.
Басшы орынбасары А.Муканова