Құрметті біздің сайтқа келушілер!
Департамент Қостанай облысының аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, республикалық бюджет қаражатынан барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүргізеді. Облыстың медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектікті белгілейді және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедек адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз және қандайда бір бұзу шылықтар анықталған кезде оларды қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қолданамыз.
Департаменттің басты міндеттерінің бірі - халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Бүгінгі таңда Департаментпен 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Тұрақты негізде біз Департамент қызметінің бағыттары бойынша облыс тұрғындары арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыреті шеңберінде кез келген қызықтыратын мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткіземіз және азаматтарды қабылдауды жүзеге асырамыз.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқаты!
| Мекенжай: | 110000, Қостанай қ., Қасымқанов көш., 34 |
| Қабылдау бөлімі тел./факс: | + 7 (7142) 50-04-17 |
| Сенім телефоны: | +7 (7142) 50-37-47 |
| Электронды мекенжайы: | dep.kost-priem@enbek.gov.kz |