Департамент басшысы А. Е. Мекебаева құрылыс мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысына қатысты

Департамент басшысы А. Е. Мекебаева құрылыс мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысына қатысты

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті, оған Қостанай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департамент басшысы А. Е. Мекебаева қатысты.
Отырыстың негізгі тақырыбы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін объектілерді пайдалануға беру кезінде құрылыс салушыларда туындайтын практикалық мәселелерді талқылау болды.
Кездесуге қатысушылар құрылыс объектілерін қабылдау тәртібін жетілдіру, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға түсінікті және біркелкі тәсілдерді қалыптастыру қажеттілігі мәселелерін талқылады.