Дауылды ескертулер
Көру саны:3
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
|
1 |
Қостанай облысы 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
|
2 |
Солтүстік Қазақстан облысы 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Петропавл қ.: 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
|
3 |
Ақмола облысы 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Көкшетау қ.: 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
|
4 |
Павлодар облысы 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
|
5 |
Қарағанды облысы 27 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
27 қарашада Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Алматы қ.: 27 қарашада ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Қонаев қ.: 27 қарашада ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Тараз қ.: 27 қарашада ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Талдықорған қ.: 27 қарашада ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Шымкент қ.: 27 қарашада күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Түркістан қ.: 27 қарашада күндіз ауа температурасы 6-8 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
|
1 |
Абай облысы 27 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
|
2 |
Шығыс Қазақстан облысы 27 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 28 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. |
27 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
27 қарашада түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
27 қарашада түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 27 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
27 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
27 қарашада Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы қ.: 27 қарашада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 27 қарашада қар, кей уақыттарда қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
27 қарашада түнде Жетісу облысында жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
27 қарашада Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.
27 қарашада Ұлытау облысыда жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с.
27 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын.
27 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Астана қ.: 27 қарашада жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с.
27 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
27 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
27 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
27 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, аздаған жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
27 қарашада Ақтөбе облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
27 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
27 қарашада Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.